Қазақтың Темірқазығы - Шерхан Мұртаза

Oinet.kz 15-12-2022 813

Screenshot_17.jpg

Тоқсан жылға жуық тарихында әрқилы кезеңді бастан өткерген "Қазақ әдебиетінің" тағы да бір ерекше өрлеу кезеңі- 80-90 жылдар аралығы деу керек. Ол Шерхан Мұртаза бас редактор болған кезең. Бұл туралы Түркістан қаласында өткен Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған «Көркемсөздің көшбасшысы, көсемсөздің  қолбасшысы» атты халықаралық симпозиумда айтылды. Симпозиумда студенттердің Шераға туралы жазған шығармалары  оқылып, оқ бойы озық шыққандар жүлделі орындардан көрініп, арнайы марапатқа ие болды. Назарларыңызға Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар факультетінің студенті Аселя Медеудің шығармасын ұсынамыз.

"Ұлт мүддесі жолында нақты іс-әрекеттерімен талай-талай дәлелденген халықтың Шер-ағасы газетте 1980 жылдың күзінен 1989 жылдың ортасына дейін, кейін өзі "Егемен" атандырған "Социалистік Қазақстанға" басшылық қызметке ауысқанша қызмет етті. Сексенінші жылдардың басында "кемелденген социализм" жағдайында, қызыл партияның өктемдігі өзінің шырқау шыңына шығып тұрған шақта қоғамда ұлттық тарихты, құндылықтарды қорғау, шындықты айту оңайға түскен жоқ. Осы тұста да қоғамдық ойдың қалғымауында газет теңдессіз рөл атқарды десек, артық айтқандық емес. Бұған басылымның сол кездегі жарияланымдары айқын дәлел бола алады. "Қайта құру", "жариялылық" кезеңі келгенде ұлт тағдырындағы, өнердегі "ақтаңдақ" шындығын халқымыз ең алдымен "Қазақ әдебиетінен" оқып білді. Сексен сегізінші жылдың қыс айларында басталған соң үрдіс арқылы "Қазақ әдебиеті" газеті коммунистік темір құрсауды бұзып, ұлт публицистикасының алтын дәуіріне сара жол ашты! Мұны редактордың ерлігі деп бағалау орынды. Шерхан Мұртазаның "Қазақ әдебиеті" газетінде басшылықта жүргенде зерделеп байқаған адамға санаткерлік идеялогиясымен ерекше танылғанын аңғару қиын емес. Санаткерлік идеология дегеніміз- идея, тұтас бір дүниетаным, озық пәлсапалық жүйе! Бұл- Мұртаза. Халықтың ұлы Шерхан Мұртаза. Бұлай деуге оның өмірлік ұстанымдарына сай қимыл-қарекет пәлсапасы негіз береді. Сол пәлсапаның бір белгісіндей 80-90 жылдардағы "Қазақ әдебиетінің" ұлттық руханияттағы орны да.

Тәуелсіз елімізде ұлтаралық қатынастардың қалыптасуына барынша мән беріліп келеді. Қазақстан жүздеген ұлт өкілдері мекендейтін біртұтас мемлекет. Ата Заңымызда ұлттар мүддесіне ешқандай нұқсан келтірілмеуі тиіс екендігі жазылған. Ел ішінде ұлтаралық алауыздық жоқ. Еліміздің түпкі саясаты осыған бағытталған. Егер адамдар арасында нендей бір келіспеушілік, талас-тартыс болса, мұның негізінде ұлттық сипат емес, әлеуметтік- экономикалық, күнделікті тұрмыстық мүдде жатады. Соған қарамастан ұлтаралық қатынастарға сына қағып, елдің шырқын бұзуды көксейтіндер де жоқ емес. Әсіресе, өзімізге достас елдердің, соның ішінде Ресейдің кейбір саясаткерлері, ғалымдары, журналистері мен жазушылары Қазақстаннан орыс мәселесін іздеп шарқ ұрды. Олардың негізгі ойларының түп-төркіні белгілі".

Оқушылар Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылығын насихаттады
«Желтоқсан - тәуелсіздікдің ұлы рухы» атты кеш өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу