XX ғасырдың көкейкесті мәселелерін айқын бере алды
Сезімге, шынайылыққа, адамгершілік пен кітаптың асыл дүнилеріне көңілі тоқ адам, тәбеттің нәпсісі тамаққа тым құмартпайды. Бұл туралы Түркістан қаласында өткен Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған «Көркемсөздің көшбасшысы, көсемсөздің қолбасшысы» атты халықаралық симпозиумда айтылды. Симпозиумда студенттердің Шераға туралы жазған шығармалары оқылып, оқ бойы озық шыққандар жүлделі орындардан көрініп, арнайы марапатқа ие болды. Назарларыңызға Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің студенті Ақмаржан Ералының шығармасын ұсынамыз.
"Уақыт. Бос кеңістік. Әуеден жауған молекула өлшемді ақ ұлпаның біріге-біріге қара жердің қасиетін айқындап, нұрлап тұрғанын қарасаңшы. Бұл жерде еш жамандық болмағандай...Адымдап аяқ басқан әр пенде, мына таза дүниені кір қылуға иманы жібермей, бар көрсеткен ызғары қарды ауырлықпен басып, одан сықыр дауыс шығарып жүргенінде ғана сияқты. Дүние, осынша таза болсаңшы... Шерхан әлемі сияқты...Бар дүниені қаймықпай көтерген қара жер...Қыстыгүні жауған осы ақ ұлпаңа менің жаным шын құмар! Суығына қармастан дүние тірлігімен сыртта жүргенде, екі алақаныңды тоңдырып, қызылшақа сәбидің қолдарына ұқсатып қояды. Бәлкім, өзі секілді бізді де тазалағысы келе ме екен? Мен бүгін сол қызылшақамды қайта ересектендіре отырып, Шерхан Мұртазаның “Ай мен Айшасын” аяқтауға жақынмын. Әр тақырыбын аяқтаймын да тоқтап қаламын. Оқығанымнан ойланғаным көп. Дүние шіркін төскейіне бізді салады да, небір бұралаңымен, яки қызығымен бізді сан айналдырады. Бәлкім, ол сол үшін де домалақ етіп жаратылған шығар. Адассақ бір бетпағында өзімізді қайта табу үшін. Бір түзудің бойымен жүрсек те, ескі естеліктерге қайта оралатынымыз осыдан болар...
Пенденің сыртқы өміріне қарағанда, ішкі әлемінде үлкен алпауыттар болып жатады. Оны түсіну үшін есею керек. Ал, ол алпауыт аласапыран, сенен сәбидің иісі кетпегенде келсе ше?..Бұл мүмкін адамды жігерлендіреді, өсіреді. Тек мықтыларды... Кітаптан мен оқыған кейіпкер-Барсхан. Мүмкін, мықтылық әкеден қан арқылы дарып, оған батыр ананың сүті мен дүние шіркін ұстаздығын өктем жүргізгенен болған шығар. Бала көңілмен өмірге еркелеп жүргенде, ересектік етегінен ерте тартты.
Сезімге, шынайылыққа, адамгершілік пен кітаптың асыл дүнилеріне көңілі тоқ адам, тәбеттің нәпсісі тамаққа тым құмартпайтын болар. Сұм соғыстың зардабы, тәннің емі азықпен қатты қинады. Соншалық сабырлылық, адам басына түссе мүмкін өзін емес, әлжуаздығын әлсіретер. Ала жаздай бейнет шегіп, қауын егіп, мол еңбегі бір қара түнде зая болды. Ол онда да Алласын ұмытып, арамдыққа бармады. Жігері құм болды. Сол өрттің арасына өзін де салғысы келді. Бірақ, дүние тіршілігіне мойымады. Қайта айналып келер, жанын қайта рухани байытар туған жеріне орала берді, орала берді... Әр келудің өзі қарапайым пенде сезінбейтін, оқырманның көңілін соншалық қанағаттандыратын, мұңға сүйіспеншілік қосылып серік болатын, ғажайып бейтаныс сәт.
Автор сол 20 ғасырдың көкейкесті мәселелерін, арамдығы мен қаталдығын, адамгершілігі мен шынайылығын айқын бере алды. “Ер жігіт- туған жерінде.” Намысты ұлдардың соншалық рухани байлығына разымын.