Шерхан Мұртазаның шығармалары жүректен шығып, жүрекке жетеді
«Оян, Тұрар!» деп басталатын осы шығармасы маған «Оян, қоғам!» деп тұрғандай болып көрінеді. Бұл туралы Түркістан қаласында өткен Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған «Көркемсөздің көшбасшысы, көсемсөздің қолбасшысы» атты халықаралық симпозиумда айтылды. Симпозиумда студенттердің Шераға туралы жазған шығармалары оқылып, оқ бойы озық шыққандар жүлделі орындардан көрініп, арнайы марапатқа ие болды. Назарларыңызға Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, филология факультеті, 1 курс студенті Сая Тұрсбекқызының шығармасын ұсынамыз.
«Қызыл жебенің» жөні бөлек. «Оян, Тұрар!» деп басталатын осы шығармасы маған «Оян, қоғам!» деп тұрғандай болып көрінеді. Жүректен шығып, жүрекке жететін жанайқай. Төмендігіміз, төске өрлегеніміз, төбеге шыққанымыз бар, бәріміз мезгілде осылай намысқа өртеніп, жанды жеп өмір сүрсек, өзгелерге өзегі түгілі өкшесін көрсетпеуге бейім өркөкірек елдердің қай құбылысынан да қайқайып тұрар едік.
«Қызыл жебені» жұрт Шерхан Мұртазаның Тұрар Рысқұловка қойған ескерткіші деп жатады. Солайы солай да шығар. Дегенмен, мен үшін «Қызыл жебе» ұрпақтан ұрпаққа қаһармандықтан мәңгілік аманаты, қоғамнан қоғамға есті ескертпе.
Жалпақ жерде ен жанды жаратылыс – халық. Оның көретін құқайын жіпке тізіп айтқан кезде саусағыңды тістелеп отырып қаласың.
Қоғам ешуақытта бір сыдырғы мамыражай ғұмыр кешкен емес. Оның формациядан екінші формацияға ауысып отырды көп жағдайда қиян-кескі. Ал өз еркіндігі өзінде жоқ, басқаның бодандығында жүрген халықтар үшін ол барып тұрған қиямет –қайым. Тағдырының осы бір жазмышынан біздің халқымыз да қашып құтыла – алған жоқ. Большивизмнің авантюризм мен иноцидінен онсыз да царизмнің құлақкесті құлдығында жүрген халқымыз қақпатас сияқты қақпақылға түсіп, қамкөбек ойнап кетті. Мұндай шақта Тұрарлардың тарих сахнасына шығуы –табиғи заңдылық. Тұрарлардың тарих сахмасына шығуы, бойында о баста күрескерлік рухы тірі халықтың қасиеттің дәлелі.
Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романның бастауы авторлақ баяндаудан басталуы. Романың көркемдік әлемнің күретамыры әке Рысқұлмен бала Тұрар.Бір қарағанда романның басталуы жай ғана хабарлау болып көрінгенмен, көп жайдан хабар беріп тұрғаның ғылыми тұрғыдан аңғаруға болар еді. Ен алдымен торға қамалған жай момын не айлакер не сотқа аң емес, тордағы даланың арыстаны мен жолбарысы.
Жазушы Ш. Мұртаза бұл шығармасын баяндау арқылы кейіпкерлердің жан дүниесі айқындалмай қоймайтындай оқиғалар игімен, тартыс табиғатын талдауда алғырлық танытқан. Кейіпкерлердің аса үлкен шеберлікпен бере білген. Сөзіміз дәледі болу үшін шығарманың басты кейіпкері болып саналатын Тұрардың партреттіне назар аударып көрелік, Мысалы: Аласа төсектен салбыраған арық қолды қонқық мұрын тәуіп шал әлі ұстап отыр. Арықтықтан баланың шыңдығы шодырайып, шығып тұр. Топ толық қарулы бала енді қауқарсыз сүлде сүйік боп қалған қара торы өңі қазір боп боз. Көзінің айналасында көгірес көлеңкесі түскен".