Тәуелсіздік белестері баяндалды

Oinet.kz 15-12-2022 691

image.png

Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні қарсаңында «Тәуелсіздік – елдігімнің ерлігі» атты шара өтті. Шараны ашып берген Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайқықызы алдымен Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында асқан биік белестеріне тоқталды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығында Қазақстан елеулі жетістіктерге жетті және күрделі сын-қатерлерден өтті. Төл валютасын қолданысқа енгізді. Айбынды әскерін құрды. Шекараларын бекітіп, жаңа астанасын салды. Мемлекеттік рәміздерін бекітті. Орнықты мемлекеттік институттары бар және экономикасы бәсекеге қабілетті демократиялық мемлекет ретінде қалыптасты. Әлемдік сауда-экономикалық жүйеге толық еніп, өзін сенімді серіктес ретінде көрсете білді. Бүгінде әлем бойынша 120-дан астам ел Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан. Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш Америка Құрама Штаттары мойындады.

Одан кейін Қытай, Ұлыбритания, Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде таныды. Ал Түркия бірінші болып Қазақстанда өз елшілігін ашты. Жиында қатысушылар осындай тарихи деректерді келтіріп, тәуелсіздік жылдарын баяндады. 

Қазіргі таңда Тәуелсіздік – баршамыз үшін ең асыл қасиетті күн. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, талай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді.Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді. Осы кезеңде жеткен жетістіктеріміз қандай? Бұл сұрақтарға жауап беріп, өткен жылдарға қорытынды жасап, МӘҢГІЛІК  ЕЛ болуға бекінген мемлекетіміздің  бүгіні мен келешегі туралы ой толғайтын кезең.

Жиынға қатысқан оқушылар да өз өнерін ортаға салды. Соның ішінде ұлтарақтай отаны үшін жанын қиған ерлеріміздің тәуелсіздік жолындағы ерліктері өте әсерлі болса, бейбіт елдің ұрпақтары, еркін елдің ұландары патриоттық әндер шырқады. Шараның соңынан жиналған көпшілік орталық қызметкерлері дайындаған тақырыптық көрмені тамашалады.

Шерхан Мұртазаның композициялық шеберлігі оқырмандарды тәнті еткен
Шерхан Мұртазаның шығармалары жүректен шығып, жүрекке жетеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу