74 қорап марихуана тасыған күдікті ұсталды

Oinet.kz 24-04-2020 704

94386006_878328665976156_399960024757043200_o.jpg

Келес ауданынының полицейлері марихуана салынған 74 сіріңке қорабын тәркіледі. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шарасы аясында Келес аудандық Полиция бөлімінің полиция қызметкерлері және Түркістан облысы Полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасы жедел уәкілдерімен бірлесіп, есірткі сақтаған күдіктіні құрықтады.
Келес ауданы тұрғынының үйін тінту кезінде, полиция қызметкерлері оның ауласындағы сарайдан құрамында есірткі тектес заты бар 74 дана сіріңке қорапшасы салынған пакетті тауып, тәркіледі. Айғақты зат ретінде алынған есірткі заты сараптама қорытындысына сәйкес салмағы 500 граммнан асатын "кептірілген марихуана" болып шықты.
Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі "өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын заңсыз пайдалану" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда. Полиция қызметкерлері ер адамның марихуананы қандай мақсатпен сақтағанын анықтауда.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары азаматтарды зиянды әдеттерден және есірткі тұтынудан бас тартуға шақырады. Сондай-ақ, полицейлер есірткі заттарын сақтау және тарату үшін қылмыстық және өзге де жауапкершілік бар екенін ескертеді.



Полиция көлік тонаушыны ұстады
Терминал тонаушылар полициядан құтылып кете алмады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу