«Заң мен Тәртіп»: қызметте заң талаптарын сақтау талқыланды

Oinet.kz 16-09-2026

image.png

Шымкент қаласында «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қызмет барысында заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Осы бағытта Шымкент қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының ұйымдастыруымен №69 тергеу изоляторында жеке құрамның қатысуымен азаптаулардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселелері бойынша жиын өтті.

Іс-шараға Шымкент қаласы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкері және №69 тергеу изоляторының жеке құрамы қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – қызметтік міндеттерді орындау барысында заңдылықты сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың заңмен кепілдік берілген құқықтарын қорғау талаптарын тағы бір мәрте түсіндіру.

Жиын барысында азаптауға жол бермеу мәселесіне ерекше назар аударылды. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кез келген жағдайда заң шеңберінде әрекет етуі, ұсталғандар мен қамаудағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау қажеттігі айтылды. Сонымен қатар қызметтік өкілеттікті асыра пайдалануға, күш қолданудың заңсыз түрлеріне және адам қадір-қасиетін қорлайтын әрекеттерге жол бермеу жөнінде түсіндіру жүргізілді.

Басқосу барысында азаптау фактілері бойынша тіркелген қылмыстық істерге талдау жасалып, мұндай құқық бұзушылықтардың туындауына жол бермеудің профилактикалық шаралары талқыланды. Бұл ретте әрбір қызметкердің заң талаптарын білуі ғана емес, оларды күнделікті қызметінде мүлтіксіз орындауы маңызды екені атап өтілді.

 «Заң мен тәртіп» қағидаты құқық бұзушылықтың салдарымен күресумен қатар, оның алдын алуға да басымдық береді. Осыған байланысты мұндай кездесулер қызметкерлердің құқықтық сауатын арттырып, қызметтік жауапкершілікті күшейтуге бағытталған профилактикалық шаралардың маңызды бөлігі саналады.

Кездесу соңында жеке құрамға заң талаптарын қатаң сақтау, азаматтардың құқықтарын құрметтеу және қызметтік міндеттерді атқару барысында заңсыз әрекеттерге жол бермеу жөнінде қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Оқушылардың киберсауатын арттыруға мән берілуде
Кәсіпкерлерге экологиялық талаптар түсіндірілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу