Қордайда екі аптада екі оқушы суицид жасады. Оқиғалардың бір-бірімен байланысы бар ма?
Жамбыл облысының Қордай ауданында екі жасөспірімнің қаза болу дерегі бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Оinet.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сәйкес, алғашқы оқиға Қайнар ауылында тіркелген. Онда 12 жастағы қыздың денесі өз үйінен табылған.
Арада екі апта өткен соң Масаншы ауылында кәмелетке толмаған ұл баланың қайтыс болғаны белгілі болды. Жасөспірімдерді мұндай қадамға не итермелегені әзірге белгісіз.
Аталған фактілерді Жамбыл облысы полиция департаменті растады. Ведомство мәліметінше, екі дерек бойынша қылмыстық істер тіркеліп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.
– Суицид фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпаратты жария етілмейді, – деп хабарлады департамент өкілдері.


