Мектеп дәретханасында сірке суын ішкен. СҚО-да оқушы қыз суицид жасады

Oinet.kz 05-02-2026

Солтүстік Қазақстан облысында 16 жастағы мектеп оқушысы суицид  жасады. Қыз бала шұғыл түрде  Петропавловск қаласындағы ауруханаға  жеткізілген деп жазады  Оinet.kz порталы.

image.png

Ақпаратқа сәйкес, оқушы мектеп дәретханасында белгісіз сұйықтық ішкен. Алдын ала болжам бойынша, бұл сірке суы болуы мүмкін. 

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті суицид әрекеті фактісін растады. «4 ақпанда Айыртау ауданының 16 жастағы тұрғыны белгісіз сұйықтықтан уланып, ауруханаға жеткізілді. Жағдайы анықталып жатыр», — делінген хабарламада.

Шұғыл тасымалдауды «Қазавиаспас» солтүстік авиациялық отрядының ТЖМ ұшқыштары санитарлық авиация дәрігерлері мен облыстық балалар ауруханасының қызметкерлерімен бірігіп  жүзеге асырған.

image.png

"Зардап шегушіге шұғыл түрде мамандандырылған медициналық көмек қажет болып, сол себепті СҚО Айыртау ауданы Гусаковка ауылынан, облыс орталығына медициналық мекемеге санитарлық ұшу жедел ұйымдастырылды. Ұшқыштар мен медициналық қызметкерлердің үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында пациент қауіпсіз жеткізіліп, дәрігерлерге табысталды. Баланы шұғыл түрде ТЖМ  авиация отрядының пилоттары мен санитарлық авиация дәрігерлерінің қатысуымен вертолётпен жеткізген. Қызға жедел медициналық көмек қажет болғандықтан, оны жедел түрде балалар облыстық ауруханасына апарған. Полиция іс бойынша алдын ала тергеу жүргізіп жатыр. Оқушының жағдайы ауыр, қазіргі уақытта реанимация бөлімінде жатыр" - делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми телеграм каналында.

image.png


Шымкент: Медицина академиясында жаңа конституция жобасы түсіндірілді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу