Семейде ер адам полиция көліктерін өртеп жіберді

Oinet.kz 26-01-2026 52

Абай облысында мас күйдегі ер адам полицияның учаскелік пункті маңында әдейі өрт қойған. Оқиға 25 қаңтар күні кешке Семей қаласында болған деп хабарлайды Оinet.kz ақпараттық порталы. 

image.png

Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұрын сотты болған 66 жастағы жергілікті тұрғын полиция қызметкерлеріне тиесілі екі автокөлікті өртеп жіберген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Шымкентте анасынан жәбір көрген балалар Сәбилер үйіне орналастырылды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу