Ордабасы: Төрткүл және Қарақұм ауылдық округтерінде бюджеттің өзіндік кірісі артып отыр

Oinet.kz 21-11-2025 8

Screenshot_3.jpg

Ордабасы ауданының Төрткүл және Қарақұм ауылдық округтерінде осы жылдың 9 айында атқарылған жұмыс ауыл тұрғындарының оң бағасын алды. Мәселен, Төрткүл ауыл округінде биыл бюджет 135 миллион 466 мың теңге болып бекітіліп, өзіндік кірістер 98,3 миллион теңгеге артты. Жыл басынан бері тұрғындар көтерген 14 мәселенің 6-сы шешімін тапса, 8 мәселе аудан әкімдігі тарапынан бақылауға алынған.

Аудан әкімі Азат Оралбаевтың айтуынша, округтің тұрғындары үшін Нұра ауылына ойын алаңшасы, Ақсары ауылы көшелеріне тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Ал Ақсары, Спатаев, Төрткүл ауылдарында балалар ойын алаңшаларын салуға, таза ауыз су жүйелері жаңартуға, «ҚазПочта» мекемесінің жылыту жүйесін ретке келтіруге, Нұра ауылының орталық көшесіне жарық орнатуға, ішкі көшелерге тас төсеу жұмыстарын жүргізуге арналған жобалар жүзеге асырылып жатыр.  

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысқан сәтте де ауыл шаруашылығы мәселесіне тоқталған болатын. Президент: «Соңғы он жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,5 еседен астам өсті. Қазір халқымыздың 37 пайызы, яғни 7,5 миллион адам ауылда тұрады. Ауыл – халқымыздың тамыры, рухани қазығы. Бұрын солай болған, болашақта да солай болып қала бермек. Түптеп келгенде, ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне жалпы ауыл-аймақтарды, яғни бүкіл елді дамыту деп қараған жөн. Осы бағытта біз соңғы жылдары ауқымды реформалар жүргізіп жатырмыз. Еліміздің негізгі көрсеткіштері тұрақты. Биылғы он айда экономикамыз 6,4 пайызға өсті. Соның ішінде ауыл шаруашылығы да қарқынды дамуда. Жыл басынан бері осы саладағы негізгі капиталға салынған инвестиция 20 пайыздан астам өсіп, 790 миллиард теңгеге жетті», – деді Президент сөзінде.

Жалпы қарайтын болса, бүгінде ауыл шаруашылығына бөлінген дұрыс көзқарастың арқасында елімізде еңбек өнімділігі соңғы үш жылда 37,3 пайызға артқан. Қазақстан жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі рейтингі бойынша (Global Food Security Index) 32-ші орында тұр. Бұл – жақсы көрсеткіш. Бұл салада біздің ауданның да көрсеткішінің артып отырғанын айтсақ болады. Мәселен, округте 168 гектар жер су үнемдеу технологиясымен қамтылды. Агроөнеркәсіп кешеніне 1,4 миллиард теңге инвестиция тартылып, 26 техника мен шағын мал қоралар алынды. Жалпы ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына өс септігін тигізуде, – дейді аудан әкімі.

Сондай-ақ округте электр энергиясы бойынша Көкарал елді мекеніндегі трансформатор және желілер жаңартылуда, ал 3 елді мекенде 6 көшеде электр желілері мен бағаналары жаңартылуға дайындалуда. Табиғи газбен қамту бойынша Жайылма, Арыстанды, Ақсары ауылдарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде, жыл соңына дейін қоск көзделген. Таза ауыз су бойынша Қызылжар елді мекенінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Төрткүл және Көкарал-Еңбекші елді мекендерінің ауыз су жүйелерін қайта құру үшін жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленген. Ал Елшібек батыр ауылында 200 орындық мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.

Округте күзгі көріктендіру, көгеріштендіру айлығы аясында тазалық жұмыстары да жалғасын табуда. Биыл ауыл округінде санитарлық сенбіліктерге 3 мыңнан астам адам қатысып, 15 техника жұмылдырылған. Жалпы округ аумағына 2200 көшет отырғызылыпты.  

Аудан әкімі Азат Оралбаевтың тұрғындарымен кездесуі Төрткүл ауылдық округінен кейін Қарақұм ауыл округтерінде жалғасын тапты. Кездесу барысында аудан басшысы алдымен ағымдағы жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндап, келесі кезекте кездесу өтіп отырған ауыл округтеріндегі атқарылған жұмыстар мен көрсеткіштерге тоқталды. Яғни, кездесу өткізіліп отырған Қарақұм ауыл округінде  жыл басынан бері тұрғындар көтерген 4 мәселенің 3-еуі шешімін тапса, бір мәселе бақылауға алынған. Ал ауыл округінің биылғы бюджеті 96,02 миллион теңгені құрап, өзіндік кірістері 13,564 миллион теңгеге жеткен. Аудан әкімінің сөзінше, округтегі «Құрманбек» каналының 3,5 шақырымы және Р-7 каналдың 2 шақырымы механикалық тазалаудан өткен. Тамшылатып суару технологиясы ауылда 28 гектар алқапқа енгізілген. Агроөнеркәсіпке 95 миллион теңге инвестиция тартылып, шағын мал қора мен 4 техника сатып алынған. Ауылдағы ашық футбол алаңының құрылысына қосымша қаржы қарастыру жұмыстары да жүргізілуде.

Қос округтегі кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген таза ауызсу, жаяу жүргінші жолы, автомобиль жолына асфальт жабынын төсеу, денсаулық сақтау, қоғамдық қауіпсіздік, балалар алаңшасы, санитарлық тазалық, ветеринария, ағын су тарифі, ономастика, ойын алаңшасы жөніндегі сұрақтары қаралып, аумақ әкімдігі мен жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Сайрам: Жобалардың аясында атқарылған жұмыс игілігін ел көруде
Ордабасы: Жеңіс пен Бөген ауылдық округтерінің су арналары жөндеуден өткізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу