Сарыағаш: Атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беруде

Oinet.kz 09-11-2025 7

Screenshot_1.jpg

Сарыағаш ауданында жүзеге асырылып жатқан жобалардың барысымен аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы танысып, құрылыс алаңдарында болды. Аудан әкімі аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы Қабланбек ауылдық округіндегі Сіргелі елді мекеніндегі ішкі көшелерге жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Нысанның құрылысын жүргізіп жатқан мердігер мекемеге нақты тапсырмалар беріп, жұмыстардың белгіленген уақытта әрі талапқа сай аяқталуы қатаң бақылауда болатыны атап өтті.

Сондай-ақ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне техникалық қадағалауды күшейту жөнінде тапсырма берді. Бүгінде Сіргелі елді мекеніндегі Қызқұдық, Есқұлов және Д.Спанов көшелерінде жалпы ұзындығы 1,75 шақырымды құрайтын жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, Қызқұдық көшесінің бойына 1700 метр суағар мен 985 метр жаяу жүргінші жолы салынып, 22 жарықшамы орнатылған. Жалпы ауданға қарасты елді мекендердегі ішкі көшелердің 596,5 шақырымы – асфальт, 358 шақырымы – шағал тас, 35,5 шақырымы – топырақ жол. Қазіргі таңда «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 31,757 шақырым жолға асфальт жабындысы төселіп, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 71 пайызға жеткен.

Бұдан бөлек, Сарыағашта 300 орындық «Келешек мектебі» бой көтеруде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Сарыағаш қаласына қарасты Б. Оспанов көшесінде 300 орындық жаңа мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев аталған құрылыс нысанына арнайы барып, ондағы құрылыс жұмыстардың орындалу барысымен танысты. Мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде, сапалы түрде аяқтауды тапсырды.

Бүгінгі күні ғимараттың ішкі тазалау жұмыстары және сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс алаңында 7 жұмысшы, 2 техника жұмылдырылған. Жобаның тапсырыс берушісі – «Samruk–Kazyna Construction» АҚ, мердігер  – «А-Спецстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Атап өтерлігі, салынған жаңа мектеп аудан тұрғындары үшін сапалы білім беру ортасын қалыптастыруға, оқушы орын тапшылығын азайтуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік нысан болып табылады.

Сонымен қатар ауданда Арман Абдуллаевтың тапсырмасына сәйкес төтенше жағдайлардың алдын алу, қысқы маусымға дайындық, әскери қызметке шақыру және күзгі ағаш отырғызу жұмыстары бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Исақожа Елеусизовтың айтуынша, күз-көктем мезгілдеріндегі су тасқынының алдын алу және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ауданда тиісті жұмыстар басталып кеткен. «Түркістан облысының әкімі Н. Көшеров бекіткен 2025-2026 жылдарға арналған су тасқынына қарсы инженерлік іс-шаралар жоспары аясында атқарылып жатқан жұмыстар бар. Сонымен қатар, аудан аумағында 2025-2026 жылу маусымында газдан улану мен өрттің алдын алу шараларын  түсіндіру мақсатында жергілікті атқарушы орган өкілдері, «ҚазТрансГаз», «Жарық Транзит» мекемелері және полиция қызметкерлерінен құралған жұмыс топтары үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде 680 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар 2670 азаматтың отбасы және 2485 жеке тұрғын үйге өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық беріліп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар жасалды. Төтенше жағдайлардың алдын алу және қысқы кезеңге дайындықты күшейту мақсатында 2025 жылғы 27–28 қарашада «Қыс–2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланғаны атап өтілді», – дейді ол.

Аудан әкімі аудан аумағында ұйымдастырылған абаттандыру жұмыстарының барысымен де танысты. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Серік Қарақұловтың айтуынша, биылғы күзгі маусымда аудан бойынша 31700 түп ағаш көшетін отырғызу жоспарланған. Ағаштардың жерсінуін жақсарту мақсатында агротехникалық талаптарды күшейту, суару және күтім шараларын кеңейту ұсынылды. Аталған жұмыстарды сапалы орындау үшін барлық ауылдық округтер мен қала аумағына арнайы техникалар алынған.

– Біздің басты міндетіміз – аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сапалы инфрақұрылым қалыптастыру және өмір сүру деңгейін жақсарту. Әрбір сала басшысы өз бағыты бойынша жұмысты уақытылы әрі нәтижелі атқаруы қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті бақылауда болады, – деп аудан әкімі Арман Абдуллаев қауіпсіздік бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Түлкібас: Жаскешу, Балықты, Арыс және Машат ауылдық округтерінде атқарылған жұмыс көптің көңілінен ш
Сайрам: Жобалардың аясында атқарылған жұмыс игілігін ел көруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу