Түлкібас: Ауданда көп жұмыс атқарылуда

Oinet.kz 04-12-2025 6

584678156_2939340453122894_7167921054486261241_n.jpg

Түлкібас ауданының әкімі аудан тұрғындары алдында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы есеп беру жиынын бастап кетті. Алғашқы есеп, аудан әкімі Асқар Естібаевтың қатысуымен Шақпақ баба ауылдық округінде өтті. Аудан әкімінің айтуынша, бұған дейінгі округте өткен алдыңғы жиында халық тарапынан 16 өтініш айтылған болатын. Бүгінгі күні оның 8-і іске асырылса, 5-еуі орындалу үстінде. Қалған 3 ұсыныс өтпелі кезеңге қалып отыр.

– Түлкібас ауданында өңір экономикасына тың серпін беретін ауқымды жобалар саны артып келеді. Бүгінгі таңда аудан орталығы Т.Рысқұлов және Балықты ауылдық округіндегі шағын өнеркәсіптік аймақтардағы жұмыс қарқыны күшейген. Онда өз кәсібін бастау мақсатында 6 кәсіпкер құжат тапсырып, бүгінде іргетасын қалау жұмыстары басталған. Арнайы аймақта жиһаз цехы мен шағын өндіріс ошақтары шоғырланбақ. Қазіргі уақытта кәсіпкерлерге әкімдік тарапынан құрылыс жүргізуге қажетті инфрақұрылым жүргізілген, – деп атап өтті аудан басшысы.

Бұдан бөлек, Балықты ауылдық округінде 10 гектар жерде шағын мал шаруашылығы кластерін дамыту жоспарлануда. Яғни, қызығушылық танытқан 10 кәсіпкер ет бағытындағы төрт түлікті бордақылауды қолға алмақ. Қазіргі таңда жол салынып, электр энергиясын жеткізу мақсатында трансформатор мен бағаналар орнатылған. Ал Бақыбек шағын ауданында 100 орындық, Ынтымақ ауылындағы 200 орындық мәдениет үйі мен Састөбе кентіндегі екі қабатты 48 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ биыл ауданда ішкі жолдардың сапасын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Аудандық бюджеттен бөлінген қаржы көлемі екі есеге ұлғайып, нәтижесінде жалпы ұзындығы 66,4 шақырымды құрайтын ауылішілік көшелерге асфальт жабындысы және қиыршық тас төсеу жұмыстары жүзеге асырылған. Бұл соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында қосымша 14,2 шақырымды құрайтын 12 көше жаңғыртылып, толық асфальтталған. Жоба шеңберінде салынған жолдар ауыл тұрғындарының күнделікті жүріп-тұруын жеңілдетіп, қатынасты жақсартуға бағытталған.

Айта кетейік, өткен жылы ауданда «Ауыл – ел бесігі» жобасымен 25 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 26,1 шақырым жол жаңартылған болатын. Бұдан бөлек, аудандық бюджет есебінен 21,2 шақырымды қамтитын 18 көшеге асфальт төселіп, жол негізі нығайтылды. Жалпы алғанда, соңғы жылдарда жүргізілген жұмыстар ауылдардың ішкі инфрақұрылымын айтарлықтай жақсартып, тұрғындардың қозғалыс қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттырды. Ауданда жол сапасын көтеру бағытындағы жұмыстар алдағы кезеңде де жалғасын табуда.

Сонымен қатар бүгінгі күні аудан аумағында күзгі дала жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда 10 мың гектардан астам егістік алқап дайындалып, оның 8 мыңға жуық гектарына дәнді дақылдар яғни, күзгі бидай себілген.

Сонымен қатар биыл бекітілген жоспарға сай шаруалар техникаларын жақсартып, 81 дала жұмыстарына қажетті техника алынған.

Ал Шақбақ баба ауылдық округінде атқарылған жұмыс та аз емес. Онда өткен жиын барысында аокруг тұрғындары таза ауыз су, ағын су, интернет желісі және ауыл ішіндегі спорттық алаң тазалығы, спорттық нысанның құрылысы мен Қара алма ауылының көшелерінің асфальттау, Мәметова көшесінде орналасқан екі үйге газ тарту, жарық-жарқырап орнату, жарық жүйелерін жаңарту сынды мәселелер жайы сөз болды.

Бұдан бөлек, аудан әкімі Жабағылы ауылдық округінде болып, ауыл тұрғындарымен де кездесті. Аудан әкімінің айтуынша, биыл ауданымызға шетелден келген туристтер міндетті түрде табан тірейтін Жабағылы ауылдық округінде ауқымды жұмыстар атқарылған. Атап айтсақ, өткен жылдан өтпелі болып Жабағылы ауылының тозығы жеткен таза ауыз су жүесі толығымен қайта құрылымдаудан өтіп, су тапшылығын жою мақсатында тау бөктеріндегі бастау көздерінен қосымша құбырлар тартылған. Ал округ орталығындағы «Жастар аллеясын» қоршау жұмыстары, Ә.Молдағұлова көшесіндегі «Ардагерлер саябағына» жаңа монумент және А.Шалғын көшесіне балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ, соңғы жылдары тұрғындардың көкейінде жүрген Жартыбаев, Желтоқсан, Аубакиров көшелерінің газдандырылмаған 101 үйге газ құбырын тарту жұмыстары аяқталып, қазіргі таңда үйге қосу шаралары атқарылуда. Аудан әкімі Асқар Естібаев аталған ауылдық округктің тұрғындары алдында осы жылдың үшінші тоқсанын қорытындылап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың барысымен таныстырды. Дәстүрлі есептік жиынның басым бөлігі еркін сұрақ-жауап форматында жалғасып, ауыл ақсақалдары аудан басшысына ұсыныстарын жеткізіп, атқарылған жұмыстарға бір ауыздан оң бағасын берді. Атап өтерлігі, алдағы уақытта ауданымыздағы туризм саласын дамытуға әлеуеті жоғары Жабағылы ауылын дамыту жұмыстары жалғасын таппақ. Сонымен қатар алдағы жылы еліміздің мақтанышы «Ақсу-Жабағылы» қорығының 100 жылдық мерейтойына орай округ орталығындағы Абай және Ә.Молдағұлова көшесін абаттандыру жоспарлануда. сондай-ақ бүгінгі таңда, облыстық салалық басқармаға қаржы бөлдіру мақсатында тиісті құжаттар толық дайындалып, ұсынылды.

Бұдан бөлек, елді мекен шегін кеңейту және жер кезегіндегі азаматтардың өтінішін қанағаттандыру мақсатында Жабағылы ауылының 15 гектар жеріне инфрақұрылым тарту жұмыстары жалғасса, Абайыл ауылының дамуына 45 гектраға инженерлік инфрақұрылым құрылысына республикалық бюджеттен қаржы қарау мақсатында салалық басқармаларға қажетті құжаттар ұсынылған.

Түркістан облысында еңбек өнімділігі үш жылда 37,3 пайызға артты
Келес: 23 елдімекенге көгілді отын жеткізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу