Жетісай: Жыл басынан бері 5600 тонна ет, 27900 тонна сүт өндірілген

Oinet.kz 21-11-2025 6

_gluster_2023_2_15_3258af5d6d438e32f9f1c71e834d0a54_original.50733.jpg

Президентіміз жаңа Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына ерекше басымдық беріп отырғанын байқау қиын емес. Айта кету керек, Президент мәселені тек ауыл шаруашылығы саласының ғана міндеті деп қарамауды тапсырды. «Аграрлық экспорттың нақты жоспарын әзірлеу қажет. Онда логистика, ветеринарлық және фитосанитарлық стандарттар мен ұтымды маркетинг стратегиясы ескерілуі тиіс. Бұл – Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғана емес, бірқатар мемлекеттік органның ортақ міндеті. Осыны Үкімет басшылығы деңгейінде үйлестіріп отыру керек», – деп нақтылай түсті Президен Жолдауында. Сонымен қатар, мал шаруашылығы өнімдері ет және сүт өндірушілерді қолдауға тапсырма берді. Президент тапсырған бұл бағыттағы жұмыстар Жетісай ауданында өз жалғасын тауып келеді. Аудан әкімі Серік Мамытовтың айтуынша, ауданда ет бағытында тұрақты түрде жұмыс істеп тұрған 25 мал бордақылау алаңы бар.

Жетісай ауданында жыл басынан бері 5600 тонна ет, 27900 тонна сүт және 7 миллионнан астам жұмыртқа өндірілген.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында озық агроэкономикаға көшу үшін Үкіметке нақты жоспар әзірлеуді тапсырды. «Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажет. Бұл салаға тың серпін беру үшін мемлекет соңғы жылдары реформа жүргізіп жатыр. Қомақты қаражат бөлініп жатыр, биыл шаруаларды қолдауға бір триллион теңге жұмсалды. Қажетті несиелер уақытында берілді. Мұндай ауқымды қолдау елімізде бұрын-соңды болмаған. Бірақ, агроөнеркәсіптің орасан зор әлеуетін толық ашуға бұл шаралардың әзірге жеткіліксіз екені анық. Мәселе – қаражаттың көлемінде емес, ең бастысы, оны тиімді пайдалану қажет. Озық агроэкономикаға көшу үшін Үкіметтің нақты жоспары болуы керек, – деді Президент Жолдауында. Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы саласында елеулі жұмыстар атқарылып егіс алқаптарынан мол өнім жиналды. Мал басы да соңғы жылдары артып, ет және сүт өндірісі дами түсті. Мал басының артуы ет және сүт экспортының артуына жол ашып отыр, – дейді аудан әкімі.

Осы бағыттағы жұмыстармен танысу мақсатында аудан әкімі Серік Мамытов бірнеше шаруашылық нысандарын аралады. Алдымен әкім Мақталы ауылдық округіндегі «Мүйтембай ата» шаруа қожалығында болды. Бұл қожалықта қазіргі таңда 200 бас мүйізді ірі қара бордақылануда. Өндірілген ет өнімдері негізінен Жетісай және Мақтаарал аудандарының тұрғындарына сатылуда. Қожалық жылына 500 басқа дейін мүйізді ірі қараны бордақылап, 150 тонна ет өндіреді. Шаруа қожалықтың төрағасы Нұржігіт Мүйтембаев бұл кәсіпті осыдан 15 жыл бұрын бастаған. Малдың жем-шөбі шаруашылықтың өз егістік алқаптарында дайындалады.

Сонымен қатар, аудан басшысы «Оңалбай ата» шаруа қожалығы мен «Тайтенов Е» жеке кәсіпкерлігінің мал бордақылау алаңдарында болды. «Оңалбай ата» қожалығында 31 бас асыл тұқымды ақбас сиыр болса, «Тайтенов Е» қожалығында 220 бас жылқы мен 300 бас қой бордақылануда.

Түркістан қаласында әлеуметтік нысан құрылысының жұмыс барысы зерделенді
Жетісай: Өндірістік паркте кәсіпкерлерге қолдау бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу