Шардара: Күзгі жиын-терін жұмыстары жалғасуда

Oinet.kz 12-10-2025 18

Screenshot_20.jpg

«Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес» деген еді Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында. Мемлекет басшысы тапсырғандай Шардара ауданының агроқұрылымдары азық-түлік қорын арттыру мақсатында ет, жеміс-жидек, көкөніс, бидай, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу үшін ірі экожүйе қалыптастыруда. Бүгінгі күні бұл талаптан Шардара ауданынының аграрлары шығып отырғанын ондағы атқарылған жұмыс нәтижесі көрсетуде.

Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев күзгі жиын-терім барысын өз бақылауында ұстап, шаруа қожалықтардың егіс алқаптарын аралап, жұмыстарымен тұрақты танысып отыр. Мәселен, кеше аудан әкімі аудандағы іргелі Алатау батыр және Ұзын ата ауылдық округтерінде орналасқан шаруа қожалықтарында болып, ондағы жиын-терім науқанының барысымен танысқан болатын.

Алатау батыр ауылдық округіндегі «Сая» фермерлік қожалығы бүгінгі күні мақта жинау жұмысына тарының жай-күйімен танысты. Аталғакірісіп кеткен. Ашық ауарайында ақ алтынды жауын-шашынға ұрындырмай жинап алу қамында. Мұндағы егіс алқаптарына Қытай сортты мақта себілген.  Жалпы көлемі 150 гектарды құрайтын мақта алқабынан гектарына 35 центнер өнім алынуда. Бүгінгі күнге дейін 100 гектар жер жиналып, жиын-терім жұмыстарына 5 комбайн мен 5 «МТЗ-80» маркалы тракторы жұмылдырылған.

Ал «Сая» фермерлік қожалығына тиесілі күріш өңдеу цехында да жұмыс қайнап тұр. Шаруашылық 500 гектар алқапқа күріш егіп, ору жұмыстарын толық аяқтаған. Егілген сорттар – «Лазер» және «Мустахиллик». Мұнда тәулігіне 60 тонна күріш өңдейтін зауыт және жаңадан орнатылған, тәулігіне 15 тонна өнім кептіретін құрылғы жұмыс істейді. Күріш жинау жұмыстарына шетелдік 6 комбайн қатысқан. Цехта 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

– Өздеріңізге белгілі, әлемде халық санының өсіміне байланысты, сапалы азық-түлік тауарларына деген сұраныс жылдан-жылға артуда. Ауыл шаруашылығында шикізат секторымен бірге қайта өңдеу саласын жан-жақты дамыту кезек күттірмейтін мәселеге айналды. Өңірде ауыл шаруашылықтарын қаржыландыру талапқа сай атқарылуда. Сол мүмкіндікті пайдаланған қожалықтар жаңа құрал-жабдықтармен жабдықталып, өңдеу өндірісін жандандыруда. Соның бірі осы – «Сая» фермерлік қожалығы, – дейді аудан әкімі Арман Қарсыбаев.

Ұзын ата ауылдық округіндегі «Нұрман» шаруа қожалығының күріш алқабында жиын-терін жұмыстары аяқталуға таяған. Жалпы қожалық 420 гектар алқапқа күріш дақылын орналастырған, оның бүгінде 400 гектары жиналып, 2800 тонна өнім алынған. Өнімділігі гектарына 70 центнерден айналған. Қалған егінді осы аптаның соңына дейін жинап бітіру жоспарлануда. Егілген күріш сорттары – «Лазер» және «Атаман». Шаруашылықта 15 адам жұмыспен қамтылған, ал ору және тасымалдау жұмыстарына 15 техника мен 5 комбайн жұмылдырылған.

Шалғай елді мекендер кең жолақты интернетке қосылды
Су үнемдеу технологиясының артықшылығын шаруалар да түсінді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу