Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде талаптар бұзылған

Oinet.kz 01-10-2025 29

2025 жылдың шілде айында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Түркістан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік сатып алуды бағалық ұсыныстарға сұраным тәсілі арқылы жариялады.

Осы мемлекеттік сатып алуға қатысты Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті камералдық бақылау жүргізді.

Бақылау барысында анықталғандай, мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшелігінде ұлттық немесе мемлекетаралық стандарттар көрсетілмеген. Бұл талаптардың болмауы сатып алу процесінің ашықтығына және өнімнің сапасына әсер етуі мүмкін.

Осы бұзушылық негізінде Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментіне мемлекеттік сатып алу заңнамаларының талаптарына сәйкес келтіру туралы ресми хабарлама жолданды. Қазіргі таңда ұйым жолданған ескертулерді толық орындап, құжаттаманы тиісті талаптарға сай реттеген.

Бұл жағдай мемлекеттік сатып алуда техникалық стандарттар мен талаптарды нақты және толық көрсету қажеттігін тағы бір мәрте дәлелдейді.

В Департаменте по чрезвычайным ситуациям Туркестанской области выявлены нарушении
Түркістан облысында су қоймасын реконструкциялау жұмыстары аяқталмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу