«Жарық-жол» КММ мемлекеттік сатып алу талаптарын бұзғаны анықталды

Oinet.kz 01-10-2025 30

2025 жылдың шілде айында Төлеби аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жарық-жол» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алуды www.goszakup.gov.kz веб-порталы арқылы бағалық ұсыныстарға сұраным тәсілімен жариялаған. 

Аталған сатып алуға байланысты Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан камералдық бақылау жүргізілді.

Тексеру барысында сатып алу құжаттамасындағы техникалық ерекшелікте тауарға қойылатын ұлттық немесе мемлекетаралық стандарттардың көрсетілмегені анықталды. Бұл – өнім сапасына, техникалық талаптарға және жеткізушілерден ұсынылатын сәйкестік құжаттарына қатысты түсініспеушіліктерге әкеп соғуы мүмкін.

Мұндай олқылықтар мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен сапасына кері әсер етуі ықтимал. Осыған байланысты департамент тарапынан «Жарық-жол» КММ-ға мемлекеттік сатып алу талаптарына сәйкестендіру туралы ресми хабарлама жолданды.

Қазіргі таңда аталған ескертулер толық көлемде орындалып, сатып алу құжаттамасы заң талаптарына сәйкес реттелді.

Бұл жағдай мемлекеттік сатып алу барысында техникалық талаптарды дұрыс әрі нақты көрсету қажеттігін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.

КГКП «Жарық-жол» допустило нарушение требований при проведении госзакупки
В отделе образования Толебийского района выявлено нарушение при проведении госзакупки
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу