Төлеби ауданы: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды

Oinet.kz 24-09-2025 81

7.jpg 

Қоғам сенімін арттыру — мемлекеттік басқарудың басты міндеттерінің бірі. Осы бағытта жуырда Түркістан облысы  Төле би ауданында үлкен мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның III‑тоқсандағы отырысы өтті. Бұл жиынды аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бауыржан Қайратұлы басқарды.

Комиссия мүшелері алдымен білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы ашықтықты қамтамасыз ету, ауылдық округтердегі қызметтерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын аудан деңгейінде іске асыру барысы да қаралды.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Бекайдар Тойлыбаев өз баяндамасында оқу орындарында закупка, тендерлер, тұлғалар арасындағы келісімдер мен басқа да мемлекеттік қызметтерде адалдықты қамтамасыз ету үшін бірқатар ішкі бақылау механизмдерін енгізгенін атап өтті. Ол, мысалы, конкурс пен тендер егжей-тегжейлі жарияланып, бақылаушы топтар тартылып жатқаны, сондай-ақ кейбір сатып алулар бойынша ашық электронды жүйелерге көшу қолға алынғандығын жеткізді.

Ленгер қалалық емханасының басшысы Қабілет Әбенов денсаулық сақтау саласында пациенттерге көрсетілетін қызметтердің ашықтығын жоғарылату жөнінде іс‑шараларды баяндады. Оның айтуынша, дәрі-дәрмек жеткізілімдері, жабдықтар сатып алу, мемлекеттік бюджет қаражатын игеру барысында ашықтық басты назарда. Қоғамдық бақылау топтары, еріктілер ұйымдары араласып, мониторинг жүргізілуде.

Ауданның Қоғалы ауылдық округінің әкімі Қайрат Қыпшақов пен Кемеқалған ауылдық округінің әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ердәулет Бекбауов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдаманы жүзеге асыру аясында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Олар жергілікті жәрмеңкелер, жер қатынастары, жер телімдерін бөлу, ауылдық жобаларды қаржыландыру сияқты салаларда тәуекел аймақтарды анықтап, алдын алу шараларын енгізіп жатқанын мәлімдеді.

Жиын соңыында Бауыржан Қайратұлы сөз алып, мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен қоғам сенімін нығайтуға ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Ол:

— Мемлекеттік қызметтің басты міндеті – қоғамның сенімін нығайту және айқындылықты қамтамасыз ету, — деді.
Мұның өзі әрбір атқарылып жатқан шараның түпкі мақсаты халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға бағытталуы тиіс екенін білдіреді.

Сыбайлас жемқорлық – қоғам үшін ауыр қауіп. Ол мемлекеттік ресурстарды ысырап етеді, халық пен билік арасындағы сенімге нұқсан келтіреді, экономикалық өсімді баяулатады. Бұл факті президенттік деңгейде де жиі айтылуда. Мемлекет басшысы Қасым‑Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы — сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және жемқорлық тәуекелдеріне қарсы жүйелі шараларды жүзеге асыру. Мысалы, биылғы бірінші тоқсанда 521 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп, 257 лауазымды тұлға әшкереленгені туралы дерек жарияланды. Сонымен бірге мемлекет қазынасына жалпы сомасы 15 миллиард теңгеге жуық шығын ақталғаны туралы да мәлімет бар.

Президент Тоқаев бірнеше рет: мемлекеттік қызмет көрсетудің ең бірінші қағидасы — азаматқа деген ашықтық пен әділеттілік болу керек, «заң үстемдігі — қоғамның негізі» деген ұстанымды жиі қолдап айтқан. Мемлекет басшысы «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру барысында, сондай‑ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жолында барлық мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін айқындау қажеттігін атап көрсеткен.

Төле би ауданында өткен осы комиссия мәжілісі — тек формалды жиын емес, жергілікті деңгейде нақты іс‑әрекетке көшуге бағытталған маңызды жаңалық. Ашықтықты күшейту, тәуекелдерді жою, қоғамдық бақылау мен жауапкершілікті арттыру — осындай шаралардың барлығы қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді бекітуде маңызды рөл атқарады.


Мақсат—құқықтық сауаттылықты арттыру
Мақсат--«нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптастыру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу