Баланың қауіпсіздігі—баршама ортақ жауапкершілік
Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция бөлімінде жеке құраммен саптық жиын өтті. Шарада жеке құрамға патрульдеу бағыттарын көбейтіп, жедел әрекет етуге және адамдар көп шоғырланатын орындарды бақылауға тапсырмалар берілді. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және суға түсу маусымында орын алуы мүмкін оқыс оқиғалардың алдын алу мәселелері көтерілді. Қауіпсіздік шарасы ретінде тыйым салынған және қараусыз қалған жағажайларда суға шомылуға қатаң тыйым салынатыны ескертілді.
Сондай-ақ полиция қызметкерлеріне мектептерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жасөспірімдердің жиналатын орындарында бақылауды күшейту тапсырылды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршаға ортақ жауапкершілік екені де жеткізілді.
Сонымен бірге қазіргі таңда интернет алаяқтық қылмыстарының кең таралуына орай Түркістан қаласы Полиция басқармасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Полицейлер қоғамдық орындарда, көшелерде, орталық саябақтарда, банктердің жанында және адамдар көп жиналатын жерлерде алаяқтардың құрбаны болмас үшін адам өзін қалай ұстау керектігі жөнінде арнайы жадынамалар таратылды.
Түсіндірме жұмыстары барысында тәртіп сақшылары айласын асырар алаяқтардан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шараларын қолданып, дербес деректерді, карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеуге кеңес берді.