Түркістан: Қоғамдық келісімді нығайту мәселесі талқыланды

Oinet.kz 27-08-2024 48

27.jpg 

 Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында «Этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері» тақырыбында семинар өтіп жатыр. Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған семинарда этносаралық татулықты сақтау, қоғамдық келісімді нығайту, дау-дамайдың алдын алу жайы талқылануда.

Семинарға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов модераторлық етті.

Жиынға аудан, қалалардағы білім бөлімдерінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскерлері, түрлі этнос өкілдері тығыз шоғырланған елдімекендердегі жалпы және орта арнаулы оқу орындарының директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, оқытушылары мен психологтары, «Қоғамдық келісім» КММ-ң аудандық және қалалық филиалдарының басшылары қатысуда.

Сондай-ақ жиында ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, «Парасат» медиация және құқық орталығының сарапшы-конфликтологы Саламат Жұмағұлов, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының Қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Дінмұхаммед Ғали мазмұнды баяндама жасады.

Жиынға қатысушылар семинарда пікір алмасып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Семинар-тренинг соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталмақ.


Түркістан: Тамыз кеңесі аясында көрме ұйымдастырылды
Түркістан: Келесте үшем дүниеге келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу