Төлеби ауданы: Қарақияға газ келді

Oinet.kz 18-08-2023 276

19.jpg 

Елімізде 2021 жылы «Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері Ұлттық жобасы қабылданған. Ұлттық жобаны іске асырудың мақсаты базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру болып табылады.

Осы мақсат аясында бүгінде Төлеби табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биылғы жылы елді мекен ішіндегі жобадан қалып қойған тұрғын үйлерді көгілдір отынға қосу ісі жалғасып жатыр.

Осы орайда аудандағы Қарақия елді мекеніне орта қысымды құбырға газ жіберіліп, іске қосылды. Бұл жүйеден жалпы 14 абонент газды тұтынады. Қазіргі кезде, елді мекендерді газдандыру ісі аудан аумағында кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Айта кетсек, Қарақия елді мекенінде 62 абонент (үй), 343 тұрғын тұрады.

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда аудандағы 55 елді мекеннің 51-і орталықтанған табиғи газбен қамтылса, 4 елді мекенде әлі де құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін, аудандағы 55 елді мекен 100 пайыз орталықтанған газбен қамтылатын болады. 


Түркістан: Жаңа мәртебе жаңа серпін береді
Түркістан облысында көмір бағасы-18-24 мың теңге
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу