Дархан Сатыбалды қариялардың талап-тілегін тыңдады

Oinet.kz 05-08-2023 152

20.jpg 

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды  Сауран ауданындағы оңалту орталығына арнайы келді. Облыс басшысы ауданның қарияларымен жүздесіп, талап-тілектерін тыңдады. Сондай-ақ орталықта арнайы көмек алып жатқан балалармен кездесті. Ақсақалдар ауданды көркейтудегі жұмыстарға тоқталып, бірқатар ұсыныс-тілектерін жеткізді. Әкімнің әлеуметтік нысандардың артуына басымдық бергеніне алғыс білдірді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Әлеуметтік қызметтер көрсету» орталығында «Тең қоғам» бөлімшесі мүгедектігі бар азаматтарға және ерекше күтімді қажет ететін балаларға әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған лайықты еңбекке, жұмыспен қамтуға және экономикалық тәуелсіздік құқығын асыруға кешенді қызмет көрсетеді.

120 балаға қызмет көрсетуге қауқарлы мекеме бірінші жарты жылдықта 65 балаға 7 бағыт бойынша әлеуметтік қызмет түрлерін көрсетті. Сауран ауданы бойынша 3314 мүгедектігі бар азаматтары бар, оның ішінде 129 ерекше күтімді қажет ететін балалар. Мамандардың айтуынша, орталықтың әлеуметтік қызмет алушылары мен ерекше күтімді қажет ететін балалардың жағдайы жақсарған.

Облыс әкімі Сауран ауданға жұмыс сапарында жергілікті жиһаз фабрикаларының жұмысымен танысты. "Sem_Brand" жиһаз фабрикасында 200-ге жуық адам жұмыс жасайды. Мұнда жиһаздың кез - келген түрі жасалынады. Әсіресе, кеңсеге арналған үстелдер мен орындықтарға сұраныс жоғары. Фабриканың бір ерекшелігі - темір мен ағаштан бөлек каркастан жиһаздар жинайды. Өндірісті кеңейтуді көздеген кәсіпорын басшылығы мемлекеттен жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктерін қарастыруда.

Ал, «Хабибулла-ата» жиһаз фабрикасы 2007 жылы іске қосылған. Онда 150 адамға дейін жұмыс істейді. Фабрикада заманауи үлгідегі корпустық жиһаздар жасалынады.


«Ауыл аманаты» табысты арттырады
Халықты жұмыспен қамтуда жүйелі жұмыс бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу