Келесте апатты көпір қалпына келтірілді

Oinet.kz 14-07-2023 193

46.jpg

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев өңірдегі ауылдық елді мекендерді аралап, мәселелердің басына барып, шешім жолын талқылаған болатын. Солардың бірі Ошақты ауылдық округі, Саңырау елді мекеніндегі апатты көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы тұрғындар тарапынан өтініштер айтылған. Себебі көпір жауын шашын салдарынан тіреуіштерінің айналасы опырылып, қауіпті жағдайға жеткен. Аталған көпірге Келес аудандық «Келес қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің арнайы техникалары жұмылдырылып, ауыл тұрғындарының ат салысуымен аталған апатты көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

- Аудан басшысы дербес бөлім басшыларымен бірге Ошақты ауылдық округінің елді мекендерін аралап, түйіткілді мәселелерді көрген болатын. Саңырау елді мекеніндегі көпірдің жағдайын көрген Жәнібек Есенұлы шұғыл түрде апатты көпірді қалпына келтіруге тапсырма беріп, бақылауға алды. Нәтижесінде қажетті техникалар жұмылдырылып, көпір қалпына келтірілді, - деді Ошақты ауылдық округінің әкімі Нұрмаханбет Нархозиев. 

Айта кетейік, Аудан әкімі Ошақты ауылдық округін аралау барысында онға жуық мәселені көтеріп, шешу бағытында іс-шара жоспары бекітілген болатын. Атап айтсақ, елді мекендерді көгалдандыру, көпірлерге қорғау шарбақтарын орнату, тұрғындарға кезекке сәйкес жер телімдерін үлестіру мақсатында қажетті шараларды атқаруға және Атақоныс және С.Саттаров ауылдарында егілген ағаштарды көгерту сынды мәселелер аудан әкімінің бақылауында тұр. 


Келес: Мүлікті қайта бағалау шаралары жүруде
«Жастарға жұмыс» жәрмеңкесі өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу