Созақ: «Балтабайда» жылына 300 тонна ет өндіріледі

Oinet.kz 18-07-2023 298

33.jpg

Бүгінде Созақ ауданында шаруа қожалықтарды өркендету, оның ішінде мал шаруашылығы және ет өнімімен айналысу қарқынды даму үстінде. Бұл жөнінде аудан басшысы Мұхит Тұрысбеков, халықпен есептік кездесу барысында айтты.

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жеңілдіктер қарастырылып, субсидия бөлініп жатыр. Бірнеше шаруа қожалықтар жаңбырлатып суғару әдісіне көшті. Аудан басшысының тапсырмасына сәйкес, сала орынбасарлары мен тиісті бөлімдер, ауыл округтер, елді мекендерді аралап субсидиялау, жеңілдетілген несие, грант алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, аудан мал шаруашылығына қолайлы аймақ болғандықтан жылдан-жылға мал басының саны артып келеді. 

Аудандағы жұмысын жандандырып отырған қожалықтардың бірі - “Балтабай” шаруа қожалығы. Қожалық 2005 жылы құрылып, 2018-2019 жылдары мал бордақылау алаңын салып, ет өндіру бағытына басымдық берген. Қожалықтың сыйымдылығы 250 бас малды бордақылауға мүмкіндік береді. Онда арнайы мал сою алаңы, қора жай, мал азығын сақтайтын орындар бар. 

Шаруа қожалық басшысы Темур Балтабаевтың айтуынша, қожалықта жылына 250-300 тоннаға жуық ет өнімі өндіріледі. Сондай-ақ, 26 адам жұмыспен қамтылған.


Жетісайда шағын цехтардың саны көбейіп келеді
Түркі елдерінің туризм министрлері Түркістанда бас қоспақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу