Оқушылар жазғы лагерлерде демалуда
Ордабасы ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты, жалпы білім беру ұйымдарына, 9-15 жас аралығындағы әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, атаулы арнайы көмек алатын, арнайы есепте тұратын, үздік оқушылардан 1000 оқушыны қала сыртындағы лагерлерге жіберу жоспарланған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникация қызметі хабарлады.
Қазіргі таңда Шұбарсу ауылында орналасқан жалпы білім беру ұйымдарынан 270 оқушы Төлеби ауданында орналасқан «Тау шыңы», «Біркөлік шатқалы» жазғы сауықтыру лагерлерінде демалып жатыр. Осы жылдың 3-тамызына дейін жоғарыда аталған жазғы сауықтыру лагерлерінде балалар толық қамтылады.
Тау бөктерінде орналасқан жазғы сауықтыру лагерлеріне барған оқушылардың жүздерінде күлкі, көңілдері көтеріңкі, қуанышты.
– Жаз айлары - мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Денсаулықты нығайтуға қолайлы жазғы күндерді дұрыс пайдалану және әрбір баланың денсаулығын түзеуге және шынықтыруға ұмтылу, тыныға жүріп, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды. Балаларымызға, жаз мезгілінде жазғы сауықтыру лагерлерінде, денсаулықтарын нығайтып, көңілді өткізуін тілейміз! – дейді ата-аналар қуанышын жеткізіп.
Ал, отырарлық балалардың жазғы демалысын көңілді әрі қызықты өткізу мақсатында Түлкібас ауданы, Келтемашат ауылындағы «Отырар» жазғы сауықтыру лагерінде барлық жағдай жасалған.
Осы орайда, аталған жазғы демалыс орнында биыл Отырар ауданынан 900 бала демалып қайтпақ. Жанға рақат сыйлаған лагерде сурет салудан байқау мен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін таңғы жаттығу, флешмоб ұйымдастыры¬лып, бала¬лардың көңілін сергіту жұмыстары атқарылып келеді.
Көңілге шуақ төккен көрікті мекенде әр күні қызықты, мазмұнды болып өткен демалысқа ата-аналар да, жазғы демалысын өткізген балаларда дән риза. Мұнда балалардың демалыс уақытын тиімді пайдалану үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, жасөспірімдер арасында спорттың шахмат, дойбы, арқан тарту, ләңгі, асық ату ойындарынан сайыстар өткізіліп келеді. Жас жеткіншектер мұнда өз өнерлерін паш етіп, патриоттық әндерді шырқады.
Балалар лагерінде ойын алаңдары, мәдени іс-шаралар ұйымдастыру орталығы, жазғы бассейн тегін қызмет көрсетеді. Демалушы балалар ыстық тамақпен, жатын орындармен қамтамасыз етілген.
Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының оқушыларын қала сыртындағы жазғы сауықтыру демалысына биыл 743 баланы қамту жоспарланған.
Осы орайда, ІІ кезең бойынша 374 оқушы тиісті құжаттарын рәсімдеп, Түлкібас ауданы, Машат ауылына қарасты «Арман шипажай» лагеріне жіберілді.
Қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерінің негізгі мақсаты - балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, бала демалысы үшін қажетті жағдайлар жасау, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Тау бөктерінде орналасқан жазғы сауықтыру лагеріне жолға шыққан оқушылардың жүздерінде күлкі, көңілдері көтеріңкі.
«Денсаулықты нығайтуға қолайлы жазғы күндерді дұрыс пайдалану және әрбір баланың денсаулығын түзеуге және шынықтыруға ұмтылу, тыныға жүріп, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу өте маңызды деп санаймыз. Балаларымызға, жаз мезгілінде жазғы сауықтыру лагерлерінде, денсаулықтарын нығайтып, көңілді өткізуін тілейміз! Жас балғындарға сәт сапар!» – дейді ата-аналар.
Оқу жылы аяқталып, оқушылар жазғы демалыстарын түрлі демалыс орындарында, сауықтыру кешендерінде, ата-әжелерінің ауылына барып, ерекше етіп өткізгісі келетіні анық. Бірақ жаздық мезгілдегі үш айлық демалыста балалар үшін лагердің орны бөлек.
Жаңа оқу жылы басталғанға дейін, үш айлық демалыстарын тиімді өткізу мақсатында биыл Бәйдібек ауданындағы 1200 бала жазғы демалыс лагеріне баруға өтініш білдірген. Маусым айының 12-нен бастап табиғаты әсем, Төлеби ауданындағы таулы аймақта орналасқан «Қуаныш» лагеріне Бәйдібектен 10-15 жас аралығындағы 650 бала барып демалып қайтты. Шілде айының 24-не аталған лагерге 120 бала барып демалуды жоспарлап отыр. Қалған 430 бала тамыз айында тынығады.
- Күнделікті таңертеңгі жаттығудан бастап, әрбір уақытымыз бос емес. Жоспарға сәйкес ұстаздар топпен жұмыс істейді. Шығармашылық, танымдық қабілеттерімізді дамытуға, адам бойындағы жақсы қасиеттерге жақын болып, жаман қасиеттерден аулақ болуға бағытталған "Жұмыла көтерген жүк жеңіл", "Мейірімділік жүректен, мейірімсіздік білектен" сынды тақырыптарда түрлі жарыстар мен ойындар ұйымастырылады. Жаңа достармен табиғатқа серуендеуге шығамыз. Күнделікті кешкісін демалушы бүлдіршіндер өздерінің өнерлерін ортаға салып, «Қуаныш» лагерін әсем ән мен күлкіге бөлейді. Жалпы 10 күніміздің тез уақытта қалай өтіп кеткенін білмей қалдық, - дейді «Қуаныш» лагерінде демалыстарының қызықты сәттерімен бөліскен бәйдібектік бүлдіршіндер.
Оқушылар келесі жылғы жазғы демалыста табиғаты тамаша мекенге тағы баруға ниетті.