Түркістанда Белсенді демалыс саябағы салынуда

Oinet.kz 15-07-2023 219

11.jpg

Түркістан қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысымен шаһарда Белсенді демалыс саябағының құрылысы басталған. Мұнда тропикалық өсімдіктері бар жылыжай, сахна, трибуна, 2 субұрқақ, ойын алаңы, 2 скейтбординг және шатырлар салынады. Сонымен қатар саябақта түрлі ағаштар, бұталар, гүлдер егіліп, көгалдар төселген. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 50 пайызы аяқталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аталған саябақтағы жұмыстарды қадағалаған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басшылармен және мердігермен кездесті. Жұмысты жүйелі әрі сапалы атқаруды тапсырды. 

Одан кейін өңір басшысы теміржол вокзалы маңындағы жұмыстармен танысты. Вокзал жанындағы 4,0 гектар жерге абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Осында 1 гектар жерді көгалдандыру, 0,25 гектар жерге жаңа асфальт жабындысын төсеу, 0,5 гектар жерге жаяу жүргіншілерге арналған жолаяқ салу жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар Тұран бағын көгалдандыру мақсатында 14 гектар аумаққа түрлі ағаштар отырғызылып, 3 дана су мұнарасы орнатылған. 


Түркістанның дамуы Дархан Сатыбалдының бақылауында
Туризм университеті шетелмен тәжірибе алмасуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу