Әлеуметтік кодекс бойынша түсіндіру жүргізілді
Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлының төрағалығымен жиын өтіп, басқосуға қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Элмира Тұңғышбайқызы мен алты сектордың меңгерушілері және қалалық мансап орталығы, әлеуметтік кызметтер көрсету орталықтарының мамандары қатысты. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жиында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасымен жаңадан қабылданған «Әлеуметтік кодекс» бойынша түсіндірме жүргізілді.
Түсіндірме жұмыстарында айтылғандай мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы;
Учаскелік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия.
Комиссияның құрамы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, мүлік иелері бірлестіктерінің, көппәтерлі тұрғын үйлердің жай серіктестіктерінің (жай серіктестіктер), халықтың, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары мен уәкілетті органдарының өкілдерінен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құралады.
Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы Үлгілік ережеде жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін дербес жауаптылықта болады.
Өтініш берушіні отырыстың өткізілетін күні туралы хабардар етуді, Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар, Комиссияотырысына қажетті құжаттарды, материалдар даярлаудыжәне оны өткізгеннен кейін хаттаманы рәсімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
Өтініш беруші қалауы бойынша Комиссияның отырысына қатыса алады.
Комиссия мансап орталығынан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері негізінде қорытынды дайындап, оны мансап орталығына немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне береді;
Құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, Қағидаларға сәйкес адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы немесе мұқтаждығының болмауы туралы қорытынды әзірлейді және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне жібереді.
Комиссияның шешімдері оның құрамы жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.
Комиссия қабылдаған шешім қорытынды түрінде ресімделеді, өтініш беруші онымен танысып, қол қояды. Комиссияның қорытындысына келіспеген кезде, өтініш беруші уәкілетті органға, сондай-ақ сот тәртібімен шағым жасайды.