Министр Кентаудағы жылу орталығында болды
Алдағы жылыту маусымына дайындық жөніндегі үйлестіру штабының жұмысы шеңберінде ҚР энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «Кентаусервис» МКК №5 Кентау Жылу энергоорталығына барды.
Онда энергетикалық жабдықтың ағымдағы жай-күйімен, жөндеу науқанының барысымен танысты. Энергия кәсіпорнының басшылығымен кездесу барысында жылу маусымы өтуінің өзекті мәселелері, оның ішінде қазандықтардың апатты тоқтап қалуының алдын алу, алдағы жылыту маусымына дайындық, жөндеу жұмыстарын уақтылы, сапалы жүргізу тәуекелдері талқыланды.
2023 жылы №5, 6, 7, 12 қазандықтарда ағымдағы жөндеу, №8, 9, 11 қазандықтарда газ тығыздағыш оттыққа ауыстыра отырып қайта жаңарту, ал №10 қазандық бойынша 2024 жылы аяқталуы жоспарланған жұмыстардың ұқсас көлемі жоспарланған. Сметалық құны 13,7 млрд. теңге құрайды, оның ішінде облыстық бюджеттен бұл жұмысқа 1 млрд. теңге бөлінді.
Бүгінгі күні қайта құру бойынша № 9, 10 қазандықтардың қаптамасын демонтаж жұмыстары басталды. Сондай-ақ «КентауСервис» МКК мен «ЭМ-Холдинг» ЖШС арасында № 5, 6 қазандықтарды ағымдағы жөндеу жұмыстарына меморандум жасалды.
№5, 6 қазандықтарды ағымдағы жөндеу жөніндегі меморандум шеңберінде бүгінгі күні түтін сорғышының броньдарын, ыстық ауа қорабының оқшауламаларын, су шығару құбырлары мен газ құбырларын бөлшектеу, сондай-ақ диірмендердің броньдарын бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде.
Станция жұмысының тұрақтылығын жақсарту үшін №7, 12 қазандықтарды ағымдағы жөндеуге меморандум жасалды.
№7, 12 қазандықтарды ағымдағы жөндеу жөніндегі меморандум шеңберінде диірмендердің броньдарын, түтін сорғышты, төменгі коллектордан төменгі бекітуге дейінгі экрандық құбырларды, ЖҚП бөлшектеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жүргізілген реконструктивтік жұмыстарды ескере отырып, ЖЭО негізгі жабдықтарының тозуы 87%-ды құрайды.
Қазіргі уақытта кәсіпорында орташа жалақы 166 мың теңгені құрайды, жалақыны 200 мың теңгеге дейін ұлғайту мәселесі қарастырылып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, жақын арада ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Риддер, Екібастұз, Алматы және облыс, қалалда жұмыс сапарымен келіп, ЖЭО-ның алдағы жылу маусымына дайындығын тексереді және өңірлердің тұрғындарымен кездесулер өткізеді.