Бәйдібек ауданы сапалы ауыз сумен 90 пйыз қамтылған

Oinet.kz 06-07-2023 146

15.jpg

Қазақстанда 2021 жылдан бері «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жобаны іске асыру жұмыстары қолға алынған. Бірнеше министрлік біріге дайындаған жобаның негізгі мақсаты – әрбір өңірдің даму көрсеткішін, экономикасын ілгерілетіп, мемлекет басшысы ұстанған «тұрғындарға жайлы өмір сүру ортасын құру» саясатын іске асыру. Соның ішінде елді мекендердегі инфрақұрылым мәселесін толығымен шешу болып табылады. Осы орайда Түркістан облысынджа бірқатар жобалар жүзеге асуда. 

Мәселен, Түркістан облысының 5 жылдығы мен Астана күніне орай Бәйдібек ауданында жаңадан ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталған Ақжар елді мекеніне және қайта құрылымдаудан өткен Сарқырама елді мекеніне ауыз су берілді. 

Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев Астана күнімен құттықтап, қос ауыл тұрғындарының қуаныштарымен бөлісті. Ауыл қарияларымен бірге салтанатты түрде лентасын қиып, ауыз су жүйесінің қондырғысын іске қосты. Мереке қарсаңында ауыз судың берілгеніне қуаныштарын білдірген екі ауыл тұрғындары атынан еңбек ардагерлері алғыстарын жеткізіп, баталарын берді. 

Айта кетейік, аудандағы 50 елді мекеннің 44-де орталықтандырылған ауыз су құбырлары жүргізілген болса, 1 елді мекен модулді су қондырғымен қамтамасыз етілген. Бұл аудандағы елді мекендердің 90 пайызын құрап отыр.


Түркістан Қытаймен тәжірибе алмасуда
Жетісайда көгалдандыру жұмыстары жандана түсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу