Сауран: Кіріс жоспары 113,6%-ға орындалды

Oinet.kz 29-06-2023 185

63.jpg

        Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында ауданның апталық жиналысы болып өтті. Мәжілісті аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев ашып, жүргізіп отырды. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты. Бұл туралы Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап өтсек, 1-ші шілдеге аудан бюджетінің орындалуы бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов, аудан бойынша инвестиция көлемін арттыру мақсатында атқарылған жұмыстар туралы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Сұлтанғали Шакиров, ортақ жайылымдағы жерлерді мемлекетке қайтару барысы, елді мекен шегіндегі жерлерді аукцияонға қою бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Шохан Алиханов баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов мәлімдеуінше Сауран ауданы бойынша 2023 жылдың 26 маусымдағы жағдайға кірістер бойынша жоспар 113,6%-ға орындалып, 307 443,2 мың теңге артық түскен. Есепті кезеңде, аудандық бюджет жоспары 98,9%-ға орындалып, 13 135,6 мың теңге жоспардан кем түскен. Оның ішінде ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы 171,5 мың теңгеге, төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы 100 647,7 мың теңгеге, әлеуметтік салық 12 837,1 мың теңгеге кем орындалғанын жеткізді. Бұл бойынша тиісті жұмыстарды атқармаған ауылдық округтер мен дербес бөлімдерді жекелеп атап өтті.

Мәжілістің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Сұлтанғали Шакировтың хабарлауынша аудан көлемінде инвестиция көлемін арттыру бағытында жоспарға сәйкес, 2023 жылға негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 30,1 млрд теңге болып бекітіліп, нысаналы индикаторлар белгіленген. 2023 жылдың қаңтар-мамыр айына аталған жоспар 164,0 пайызға немесе 9 млрд 078,2 млн теңгеге орындалған. Сонымен қатар, 2023 жылдың қаңтар-маусым айларына болжам бойынша 10 млрд 630,2 млн теңгеге есеп тапсырылған. 

2023 жылы туризм саласындағы негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 1 млрд. теңге болып бекітіліп, нысаналы индикаторлар белгіленген. Биыл 5 айдың қорытындысымен жалпы құны 663,6 млн.теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба іске асырылып, 20 жаңа жұмыс орны ашылған. Сонымен қатар, жыл соңына дейін жоба құны 2 млрд 974,0 млн. теңгені құрайтын 4 жоба жүзеге асырылмақ. Аталған жобалар іске қосылған жағдайда 80 жаңа жұмыс орны ашылатынын мәлім етті. 

Мәжілісті қорытындылыған аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев күн тәртібіндегі қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді. 


Мақсат – отбасылық құндылықтарды сақтау
Жеңілдетілген несие алудың жолдары түсіндірілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу