Бәйдібек ауданында жолдар жаңартылып жатыр

Oinet.kz 01-07-2023 195

31.jpg

Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құруға бағытталған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын әзірлеген болатын. Ұлттық жобаның мақсаты халықтың базалық көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды, көліктік байланыстылықты жақсарту және елдің транзиттік әлеуетін, сондай-ақ халықтың ұтқырлығын арттыру болып табылады. Ұлттық жобаны іске асыру  екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: Базалық көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізу; Көліктік байланыстылықты қамтамасыз ету. Осы бағытта Түркістан облысында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асуда.

Мәселен    Бәйдібек ауданында биыл «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында жалпы ұзындығы 19,6 шақырымды құрайтын 3 елдімекеннің 18 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жарықтандыру, аяқжолдар және суағарлар орнату жоспарланған. 

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда жоба аясында Ақбастау ауылындағы 11 көшеге жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, жаңадан асфальт төселіп, аяқжолдар салынып, суағарлар мен көше шамдары орнатылу үстінде. 

Одан бөлек, биыл облыстық, аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға 19,4 шақырым Шаян елдімекеніндегі 14 көшеге (М.Әуезов, Е.Шөкеев Б.Қарашаұлы Қ.Спатаев, Қ.Жандарбеков, Шәкәрім, С.Әлжанов, Мыңбұлақ, А.Нысанов, Жамбыл, Абай, К.Нұржанова, О.Жандосов, Б.Болатбеков және Қошқарата елдімекеніндегі Дүйсебаев көшесіне) орташа жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланған. Бүгінде аталған 14 көшеге асфальт бетон жамылғысын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Сонымен қатар, аудандық маңызы бар Қаратас елдімекеніне кіреберіс автомобиль жолына 7,5 шақырым, Теректі елдімекеніне кіреберіс автомобиль жолына 2 шақырым орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, биыл облыстық маңызы бар Таңатар елдімекенінің кіреберіс 3 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Бала қауіпсіздігі басты назарда
Түркістан: 5 жылда шығарылған өнім 11 есеге өсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу