Келесте жаңа нысандар салынады
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев жергілікті тұрғындармен өткен кездесу барысында Абай ауылында этномәдени бірлестіктерге арналған орталық салу мәселесі көтерілген болатын. Осы мақсатта Абай ауылы әкімдігінің теңгерімінде орналасқан ескі мақта қабылдау пунктінің ішінде бос жатқан көлемі 0,36 га жер телімін мұражай құрылысын жүргізу үшін қажетті құжаттар рәсімделуде. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Бұдан бөлек жаңа буынды дамыту орталығы бойынша бүгінгі таңда жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджет есебінен қажетті қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізіліп жатыр. Құрылысқа тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы болып табылады. Бұл туралы аудан орталығында тұратын тұрғындармен кездесуде аудан әкімі Жәнібек Есенұлы атап өтті.
- Ынтымақ, Маусым, Қожамберді батыр, Отан, Мәдениет көшелерін сапалы электр қуатымен қамту бағытында мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, жеңімпаз мердігер анықталды. Абай ауылындағы №105 жатақхана ғимаратына табиғи газ тарту мәселесі бойынша алдағы уақытта өз шешімін табатын болады. Сондай-ақ, Абай ауылының бас жоспарына өзгеріс енгізуге ұсыныс берілді. Бас жоспарға өзгерістер енгізіліп бекітілген кейін құжаттандыру жұмыстары жүргізіледі, - деді аудан әкімі.
Кездесу барысында аудан әкімі Абай ауылының инфрақұрылым жүйелерімен толық қамтылуы бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Ауыл аумағында жолдардың 93% асфальтталған. Бүгінде 10 көшеге зерделеу жұмыстары жүргізіліп, сметалық құжаттар әзірленген. Оның ішінеде 8 көше (Маусым, Бәйтерек, Д.Қонаев, Т.Рысқұлов көшесінің №4 өткелі, Ж.Шаяхметов, Шығыс С.Баубеков, №10 көшелер) орта жөндеуге (асфалть төсеуге) мемлекеттік сараптамадан өткен. Алдағы уақытта қаржы қаралуына орай, құрылыс жұмыстары жүргізіледі.