Ортақ жайылым-өзекті мәселе

Oinet.kz 22-06-2023 356

37.jpg

Түркістан облысында елдімекендердегі жергілікті халықтың шаруашылығындағы мал басына қажетті ортақ жайылымның тапшылын жою жұмыстары жалғасып жатыр. 

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы бағыттағы тапсырмасының орындалу барысы туралы таяуда Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығынмен өткен апталық аппарат жиынында талқыланды. 

Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілегеннің айтуынша, есепті мерзімге аудан, қала әкімдіктері тарапынан 110,5 мың га жайылым жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Сонымен қатар шалғайдағы маусымдық жайылымдарды ұйымдастыру мақсатында босалқы жердегі жайылымдарды шалғайдағы жайылымға бекіту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда, Келес ауданы Жамбыл ауылдық округі бойынша шалғайдағы жайылымға шығару жобасы әзірленіп, жұмыстары атқарылуда.

2023 жылға ортақ жайылым көлемін 2 бағыт бойынша 1 015,0 мың га ұлғайту жоспары бекітіліп, аудан, қала әкімдіктеріне тапсырма берілген. Бірінші бағыт бойынша 333,2 мың га жер учаскелерін мемлекет меншігіне ортақ жайылымға қайтару көзделген. Екінші бағыт бойынша жалпы ортақ жайылым қажеттілігінен 681,8 мың га төмендету, яғни елдімекендегі мал бастарын шалғайдағы маусымдық жайылымдарға шығаруды ұйымдастыру және аудандарда мал бордақылау алаңдарын және отбасылық сүт фермаларын құру бағыттарында жұмыстар жүргізу жоспарланған. 

Жер учаскелерін қайтару жұмыстары облыс әкімдігімен бекітіліп, кестеге сәйкес жүргізілуде. Ортақ жайылымға қайтарылған жер учаскелерін 2023 жылға бекітілген жоспардың орындалуы тұрақты бақылауға алынып, жыл қорытындысымен толығымен орындалатын болады.

2022 жылы елді мекендердегі ортақ жайылым көлемін 1 012,0 мың га ұлғайту жоспарланып, жыл қорытындысымен елді мекен тұрғындары 1 034,8 мың га ортақ жайылыммен қамтамасыз етілді. 

Ауыл шаруашылығы саласы – экономикамыздың басты драйвері. Сондықтан бұл саланы дамыту да, халыққа қолайлы жағдай жасау өте маңызды. Бұл мәселе тұрақты бақылауда.

Арын ТОТИКОВ,

Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округі әкімінің кеңесшісі


Сарыағаш: Жол құрылысы қатаң қадағаланады
Жетісайға биыл 40,8 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу