Шаянда ауыз су мәселесі шешімін табуда
2021 жылы елімізде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын әзірленді. Ұлттық жобаның мақсаты халықтың базалық көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды, көліктік байланыстылықты жақсарту және елдің транзиттік әлеуетін, сондай-ақ халықтың ұтқырлығын арттыру болып табылады. Ұлттық жобаны іске асыру екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: Базалық көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізу, көліктік байланыстылықты қамтамасыз ету. Осы мақсатта Түркістан облысында көптеген жобалоар қолға алынуда.
Мәселен Бәйдібек ауданының орталығы - Шаян ауылында ауыз су жүйесіне қосылу жұмыстары қарқын алды. Бүгінде 329 үйде су тапшылығы орын алса, күні кеше 496 үйдің ауыз су мәселесі өз шешімін тапқан.
Тарқата айтсақ, Шаянда Тәуелсіздік көшесінде 54 үй, Айналма жол көшесінде 63 үй, Е.Шөкеевте 110 үй, А.Нысановта 93 үй мен О.Жандосов көшесінде 94 үй, С.Сейфуллин көшесінде 77 үй, М.Әуезов көшесінде 5 үй, жалпы барлығы 496 үй жаңа су жүйесіне қосылды. Ауылда жаңадан тартылған ауыз су жүйесіне қосылу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Соның ішінде ауылдағы су ұңғысының ішін тазалау, залалсыздандыру жұмыстары қызу қолға алынған.
Сонымен қатар, биыл Алғабас ауылдық округінің орталығы Шақпақ ауылында ауыз су жүйесіне қайта құру жұмыстарының құрылысы басталған. Қазіргі таңда аталған ауылдың ішкі көшелеріндегі су құбырлары жаңартылып жатыр. Өткен жылы қазылған су ұңғымасының ішіне ауамен қысымдау жұмыстары жүргізіліп, бүгінде құбырларын шайып тазалау жұмыстары басталды.