Ордабасы: Шаруалар 1 алқаптан 3 рет өнім алады

Oinet.kz 04-06-2023 126

Screenshot_13.png

Түркістан облысы Ордабасы ауданының шаруалары   егістік жерлерді тиімді пайдалану мақсатында 1 алқаптан жылына 2-3 рет өнім алу жобасы қолға алды. Осы мақсатта ағымдағы жылы 408 гектар жерге 141 шаруа қожалығы өнімдерін егіп отыр. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімінің басапсөз қызметі хабарлады.  

Ордабасы ауданының жер көлемі 265 561 га. құраса, оның 218 234 га. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер. Ауданда егістік жерлердің көлемі 87 348 гектар болса, жайылымдық жерлердің көлемі 

111 196 гектар. Ал, көп жылдық қондырғылар 1 805 гектарға жеткен. 8 522 гектары су қоры жерлері.

Аудан дихандары ағымдағы жылы 70 400 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда егіс көлемі 847 гектарға ұлғайған.

Атап айтар болсақ, бидайдың егістік көлемі – 23 894 га, арпа – 2 465 га, Майлы дақылдар – 5412 га, оның ішінде күнбағыс – 500 га, мақсары – 4912 га, ашық топырақта өсірілген көкөністер – 3 082 га, картоп – 636 га, бақша дақылдары – 1 747 га, дәндік жүгері – 7 011 га. Көп жылдық мал азықтық дақылдар – 19 518 га. Мақта – 6 634 гектарды құрады.

Бүгінгі таңда ерте пісетін көкөніс дақылдарынан алғашқы өнімдер жиналуда. Мысалы, қырыққабат – 181 тонна, картоп – 36 тонна, мал азығы – 136 630 тонна жиналды. 


Ордабасы: Төрткөлді газдандыру биыл аяқталады
Ордабасы: Шұбарсу ауыз сумен толық қамтылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу