Кентауда термопанель шығаратын цех жұмыс істейді
Құрылыс қайнап тұрған жерде стройматериал шығару әжептәуір пайда әкеледі. Құдайға шүкір, қазір халықтың жағдайы жаман емес. Үйлерін обновить етіп жатқанда көп. Жаңа үй салынып жатыр. Стройматериалдың модаға кіретіні бар. Осыны білген кентаулық кәсіпкер Қанат Жұматаев ғимараттардың сыртын қаптайтын термопанельдер шығаратын шағын цех ашқан. Бұл туралы Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«ТермоФасад» шағын цехында 5 адам жұмыспен қамтылған. Үлкен және жер үйлердің қасбеттерін әрлеуге таптырмас қажетті термопанельге Түркістан, Кентау қалаларының өзінен тапсырыс көп түседі. термопанельге 25 жылға дейін кепілдік беріледі. Кәсіптің бұл түрі қәзіргі таңда тапшы.
«Алдағы уақытта жұмыс көлемін ұлғайтсам деген жоспарым бар. Себебі тапсырыс көбейіп келеді. Дәл қәзіргі таңда үйлердің сыртқы келбетін безендіруге осы термопанельдің ықпалы зор. Нысандарға қыста жылу, жазда салқындық береді. Жалпы, күніне 300-400 кв термопанель шығаруды мақсат етіп отырмын» дейді кәсіпкер Қанат.
Үйдің қасбеттері үшін мұндай жылу панелдерімен безендіру пайдалы. Себебі қасбеттері әрлеуге қажетті сәндік элементтерді жеке сатып алу, орнату қажет емес. Құрылыс жағдайы кезінде термопанель барлық кемшіліктерді және қабырғалардың басқа ақауларын сенімді түрде жасырады. Сондай-ақ құрылыс жұмысы кезіндегі уақытты едәуір қысқартады.
Кіші және орта бизнес көздерінің көбейгені халықтың әл-ауқатын көтеруге ықпалы зор.