Сарыағаш: Республикалық жол жөндеуден өтуде

Oinet.kz 06-05-2023 263

30.jpg 

Елімізде 2021 жылы «Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері Ұлттық жобасы қабылданған. Ұлттық жобаны іске асырудың мақсаты базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру болып табылады. Аталған жоба аясында Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда. 

Мәселен Түркістан облысы Сарыағаш ауданында бірнеше жылдан бергі өзекті мәселеге айналған республикалық маңызы бар А-15 автомобиль жолын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев аталған жолға арнайы барып, жөндеу жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Жоспар бойынша А-15 автомобиль жолының 197-220 шақырымдары аралығында жалпы ұзындығы 23 шақырымын жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған.

Аудан басшысы нысанды аралау барысында жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан мердігер мекемесіне және тиісті бөлім басшысына жолдың сапасын жөндеу біткен соң емес кемшіліктерді алдын ала анықтап, жою керектігін ескертті.

Қазіргі таңда «ӘлемТрансстрой» ЖШС-і мердігер мекемесі тарапынан бірінші қабат асфальт жамылғысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарын биыл жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.


Сауранда Индустриалды аймақ құрылады
Шақпақта ауыз су мен газ мәселесі шешіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу