«Ауыл аманаты»: Табысты арттырады

Oinet.kz 01-05-2023 274

25.jpg

Арыс қаласы әкімдігінде ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл – аманаты» пилоттық жобасы бойынша  кездесу өтті. Бұл туралы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиналысты қала әкімінің орынбасары Ерғали Омарұлы жүргізіп отырған жиынға «Ауыл – аманаты» пилоттық жобаға қатысушы ауылдық округ әкімдері және ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағалары мен кооператив мүшелері қатысты. 

Басқосудың күн тәртібінде Түркістан облысы тұрғындарының табысын арттыру жобасын жүзеге асыру үшін қала көлемінде (оның ішінде ауылдық округ) ерекшелігін және әлеуетін, климаттық ерекшелігін ескере отырып, қандай бағыттағы кәсіптің түрін баулу тимділігін, бағдарлама бойынша несиелендірудің басым бағыттарын анықтау мәселелері талқыланды.

Жиында «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нің басқарма төрағасы Мұхит Мыңбаев, «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ы төрағасының орынбасары Нұрлыбек Исаев, «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның тәуекел менеджері Нұрлан Серікұлы пилоттық жобаға қатысты тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, өзекті мәселелерге жауап берді.


Түлкібас: Балық шаруашылығымен айналысушылар көбейді
Кәсібін грантпен бастаған фермер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу