Екі отбасы баспаналы болды

Oinet.kz 13-11-2022 300

Түркістан облысы Түркістан қаласында екі отбасы баспаналы болды. Олар Тұңғыш президентіміз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында дүниеге келген «Асар» жоба аясында баспанаға қол жеткізген. Бүгінгі бұл жоба республика көлемінде жүзеге асырылу үстінде. 

 Screenshot_30.jpg

Жалпы халықтың күнделікті тіршілігінде шешімін таппай жүрген мәселелер аз емес. Соның ішінде Түркістан тұрғындарын мазалайтын негізгі мәселелер – әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу, баспаналы болу. Облыс әкімі мен аудан әкімдеріне де халық осы сұрақтармен жиі қайырылып жататыны белгілі.  

Бүгінде Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» атты тұжырымдамасын басшылыққа алып жұмыс істеп жатқан облыс, аудан әкімдері халық алдында есеп беруде. Жеке қабылдаулар өткізіп, мәселелерін тыңдауда. Осындай қабылдаудың біріне жазылып, облыс әкімінің қабылдауында болған екі ана Түркістан қаласында баспаналы болған еді. 

Оның бірі – талай жылдан бері тұрғын үй тауқыметін тартқан кейуана болса, екіншісі де азқамтылған отбасы болатын. Олардың мәселесі биыл демеушілердің арқасында шешімін тапқан. Атап айтсақ, Түркістан қаласында құрылыс жүргізуші мердігер компания басшыларының көмегімен әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандардың көптен күткен армандары орындалып, қоныс тойын тойлады. Әр отбасының үйі – үш бөлмелі. Баспаналар қажетті жиһаз бен тұрмыстық техникалармен жабдықталған. 

Бұдан бөлек, Түркістандық тұрғынның мүмкіңдігі шектеулі балаларға арналған «Коррекциалық орталығын» ашу туралы ұсынысы бойынша мүмкіндігі шектеулі және зейнет  жасындағы азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсететін орталығы құрылды. Онда әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған мүгедектігі бар адамдардың лайықты еңбекке, жұмыспен қамтуға және экономикалық тәуелсіздік құқығын асыруға кешенді қызмет көрсетіледі. Қазіргі таңда мекеме ғимаратын қажетті құрал-жабдықтармен қамту жұмыстары жүргізілуде. Санаулы күнде мекеме өзіне тиісті барлық салалар бойынша толық жұмыс істейтін болады. Орталықта еңбек терапиясы, әнмен емдеу, психотренингтер, әлеуметті мәселелер бойынша заңды кеңес және сүйемелдеу, демалыс ұйымдастыру шаралары бойынша тарихи-мәдени орындарға экскурсия мен театр, концертке бару және мерекелік мәдени іс- шаралар ұйымдастырылады. 

Сондай-ақ түркістандық бір топ тұрғынның өтініші бойынша қоғамдық көлік мәселесі шешілді. Жеке сектордағы ескірген жүйелер жаңартылып, жарықтандырылды. 

«Халық үнімен құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы: халық пен билік тандемі. Түркістан облысында халықпен қарым-қатынасты жақсартатын, көпшілікті толғандырып жүрген мәселелерді пікір талқысына салатын маңызды диалог алаңдарының бірі – «Парасат» пікірталас клубы. Халықпен тығыз жұмыс істеу мақсатында қолға алынған, сансыз сауалға жауап алатын алаң барлық аудан, қалаларда ашылған. Бірегей жоба Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті және әкімдіктердің бастамасымен Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен «Адалдық алаңы» ұлттық жобасы аясында жүзеге асуда. Тұрғындар өзекті мәселелерді «Парасат» мінберінде көтеріп, басшылармен тікелей пікірлесе алады. Жаңа жобаның жүзеге асуы билік пен халықтың арасындағы арақашықтықты азайтып, азаматтардың билік институтына деген сенімін арттыруын қамтамасыз етуде.

Түркістан облысында орман қоры ұлғаюда
Төлеби ауданында мың мегаваттық бу-газ стансасы салынбақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу