Түркістанда тестке 1337 оқушы қатысады

Oinet.kz 15-04-2021 496

9 (2).jpg

 Биыл Түркістан қаласында 1337 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Тестілеу карантиндік шараларға байланысты "U-FUTURE" ЖШС-нің базасында өткізіледі. 2 аудиторияда 100 орын дайындалып, барлық сақтық шараларының сақталуы қатаң қадағаланады. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес шараны ұйымдастырушылар мен оған қатысушылар арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу мен карантин режимі талаптарын сақтау қатаң ескерілетін болады.

ҰБТ-ға қатысушыларға ғимараттың кіреберісіндегі зарарсыздандыру өтпелерінен өту, әлеуметтік қашықтықты сақтап, медициналық бетперде мен бір реттік қолғаптар кию ескертіледі. Сонымен қатар, тестілеу кезінде қол алысуға, тікелей байланысқа жол беруге болмайды. Тест өтетін аймақта ата-аналар немесе басқа да азаматтардың жүруіне болмайды. Айта кетейік, елімізде ҰБТ тапсыру сәуірдің 15-30 маусым аралығында өткізіледі.Қаланы қауіпсіз әрі көрікті ету мақсатында жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл ретте, аяқжолдар жаны, саябақтар, субұрқақтар, ағаштар және бағаналарда диодты жарықтар орнатылған.

Атап айтсақ, “Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі" тарапынан Түркістан-Кентау тасжолы бойындағы көпір мен көшелерді де жарық ету мақсатында жарықтандыру жұмыстары жүруде. Алда "Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" тарапынан біршама көше бойын жарықпен қамту жұмыстары жүргізілуі жоспарлануда.


«Әзірет Сұлтан» арнайы жобамен жарықтандырылады
«Ұлы дала дастаны»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу