Түлкібаста мал бордақылау алаңдары көбейіп келеді

Oinet.kz 12-03-2021 686


003.jpg

Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр қыркүйекте «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ауыл шаруашылығындағы негізгі проблемаларды атап өтіп, оны шұғыл шешуді тапсырған болатын.

 - Бұл салада шешімін таппай келе жат¬қан өзекті мәселелер бар. Атап айтқанда, жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін «арзан несиенің» болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы. Өнімділікті арттырып, шикізат өндіру¬мен ғана шектелмеу үшін, сондай-ақ қой¬ма және көлік инфрақұрылымын дамы¬ту мақсатында шұғыл шаралар қабыл¬дау керек,-деген болатын Мемлекет басшысы.

Осы мәселені шешу үшін Түркістан облысындла бірқатар шаралар қолға алынуда. Мәселен, Түлкібас ауданында қазіргі таңда 3 252 шаруа қожалық болса,  оларға аудан әкімдігі тарапынан кәсібін өрлету мақсатында жеңілдетілген несие алуға жан-жақты қолдаулар күшейтілген. Сондай-ақ, мал азығын дайындауға қажетті жанар-жағармайды қожалықтарға арзандатылған бағада жеткізу шаралары ұйымдастырылуда. 

Аудандағы қожалықтың бірі – Балықты ауылындағы «Жақсымбет» шаруа қожалығы. Осыдан екі жыл бұрын жылқы бордақылауды бастаған шаруашылық қазіргі таңда кәсібінің көкжиегін кеңейтіп, мол табысқа кенеліп отыр. Жұмысын 60 бас жылқыдан бастаған қожалық бүгінгі таңда бордақы басын 300-ге дейін жеткізген. Еттің әр келісін 1900-2000 теңгеден аудан мен Алматы қаласындағы сауда қатарларына өткізуде. Тапсырысқа байланысты аптасына орта есеппен 5-6 бордақы сояды. 

Айта кетерлігі, 2020 жылдың қорытындысымен аудан аумағында жалпы 76 мал бордақылау алаңы ашылса, соңын ішінде 19-ы жылқы бордақылауға бағытталған.


Несие бәріне қолжетімді болады
«Керуен сарай» биыл аяқталады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу