«Jas Turkistan – 2020» жастарды өмірге бейімдейді

Oinet.kz 22-09-2020 688

3.jpg

Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы мен Адами әлеуетті дамыту басқармасы ұйымдастыруымен Түркістан қаласында «JAS TURKISTAN-2020» облыстық семинар-тренингі өтті. Семинар-тренингке 300-ге жуық мектеп белсенділері мен ««Өзін-өзі басқару» ұйымдарының көшбасшылары және ұстаздар қатысты.

Ашық аспан аясында, сақтық шараларын сақтай отырып өткізілген тренинг жастарды үздіксіз даму мен қоғамдық өмірге бейімделуге, ой-жиегін кеңейтіп, жауапкершілікке дағдыландыруға ықпал етеді. Қазіргі таңда облыс бойынша 160 мыңнан астам оқушы болса, оның 5256 «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшесі, ал 876 оқушы көшбасшы президенттері ретінде белсенді жұмыс атқаруда.

Жиында Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы "Жастармен жұмыс" бөлімінің басшысы Сейдулла Кеңесбайұлы шараның маңыздылығына тоқталып, тренингке келген жастарға сәттілік тіледі.

Онан әрі сөз алған Түркістан облысы «Өзін-өзі басқару» ұйымының  көшбасшысы, Мейірбек Әнелі «Өзін-өзі басқару» ұйымының ережелері мен жоспарын құрдастарына таныстырды. Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстардың тұлғаны қалыптастырудағы артықшылықтарын атап өтті.

«Өзін-өзі басқару» ұйымдарының жұмысын күшейту мақсатында өткен шара жалғасы Ордабасы, Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт аудандарында өткізіледі. Жастарға берері мол осы тектес жобалар «NEET» санатындағы жастар санын азайтып, жастардың қиындықтарға бой алдырмай, саналы, сауатты еңсеруіне жағдай жасау мақсатында жүйелі түрде ұйымдастырылатын болады.

Арыс тұрғыны «Еңбек» бағдарламасымен шеберхана ашты
Түркістан облысында кәсіпкерлік кедергілерді азайту талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу