Түркістанда 7 кәсіпорын іске қосылады

Oinet.kz 16-09-2020 580

44.jpg

Түркістан облысындағы Индустриалды аймақта жыл сыңына дейін жалпы құны 2,6 млрд. теңге болатын 7 жоба іске асырылады деп күтілуде. Жоспар жүзеге асқанда 446 жаңа жұмыс орны ашылатын боладыСоның бірі жуырда ғана облыс әкімі Ө.Шөкеевтің арнайы қатысуымен іргетас капсуласын салу рәсімі өткен «Turkestan Tekstil» БК тігін фабрикасыЖобаның жалпы құны 415 млнтеңгеБұл туралы «Turkistan» индустриалды аймақтардың басқарушы компаниясының бас директоры Талғат Қыдырбаев мәлімдеді.
Оның сөзінше, «Бекзат» мөлтек ауданындағы 40 гектар жерді алып жатқан индустриалды аймақ 350 гектарға дейін ұлғайтылады.
– Әлемді алаңдатқан індетке байланысты елде жарияланған төтенше жағдай мен карантин режимі кәсіпкерлік нысандарына айтарлықтай кері әсерін тігіздіМәселенжұмыс істеп тұрған мекемелерді былай қойғандажаңадан ашылатын кәсіпорындардың құрылыс жұмыстары баяуладыДегенменжыл соңына дейін ғимарат құжаттарын заңдастыру жағы қолға алынадыБүгінде осыған байланысты тиісті жұмыстар жүргізілуде, – деді Т.Алпысбайұлы.
Қазіргі таңдаТүркістан қаласындағы индустриалды аймақта жұмыс істейтін азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін тиісті шаруалар атқарылудаАтап айтқандааймақтың жолдары асфальтталыпвеложолдармен қамтылудаМұны мамандар жұмысшылардың емін-еркін қатынауына оң әсер беретінінімен байланыстырадыСондай-ақонда шағын футбол алаңшасы мен теннис корды салыныпжұмысшылардың тиісті деңгейде салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік туады.
Айта кетейікжалпы облыста 9 индустриалды аймақ барОлар ТүркістанКентау қалалары мен ОрдабасыСозақТүлкібасБәйдібекҚазығұртШардараМақтаарал аудандарында орналасқан. 2019 жылы аталған индустриалды аймақтарда құны 4,3 млрдтеңгені құрайтын 8 жоба іске қосылып, 460 жаңа жұмыс орны ашылғанНәтижесінде өңір бюджетіне 1,2 млрдтеңге салық аударымдары жасалып, 6,77 млрдтеңгенің өнімі өндірілгенБұл 2018 жылмен салыстырғанда 4 есеге артық.

Арыста «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен көшелер жөнделуде
Түркістан облысында сыбайлас жемқорлықпен күрес күшейтілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу