Ордабасы ауданында игерілмеген жерлер мемлекетке қайтарылды

Oinet.kz 16-09-2020 628

42.jpg

Түркістан облысы Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы бағытындағы игерілмеген екі мың үш жүз гектардан астам жер мемлекеттің жер қорына қайтарылды. Бұл шаруалар өңір басшысының талабы және тапсырмасымен екі жыл жыл ішінде жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесінде іске асырылып отыр.
Қазіргі таңда Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков тиісті сала мамандарына түгендеу жұмыстарын әлі де ширата түсу керектігін тапсырдыАудан басшысының тапсырмасына сәйкесТөрткүл ауыл округінен мемлекеттің мұқтажы үшін Батыс Европа-Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізіне алынған жер учаскелеріне «КазАвтоЖол» акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалы тарапынан мемлекеттік сәйкестендіру актілері алынып рәсімделдіАлавтомагистральдің қорғау аймағына енбеген жер учаскелерін ауданға қайтару жұмыстары жүргізілді.
Бүгінде жалпы көлемі 131,4  гектар болатын 11 жер учаскесінің игерілмегені анықталғанЖер пайдаланушыларына тиісті нұсқамалар таратылыпжер учаскелерін екі жыл қатарынан игермеген жағдайдасот тәртібімен аудандық жер қорына қайтарылатыны ескертілді.

Түркістан облысында аурудың алдын алуға байланысты вакцинация басталды
Арыста «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен көшелер жөнделуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу