Түркістан облысында «Сервистік әкімдік» жұмысын бастады

Oinet.kz 28-08-2020 608

127.jpg

Түркістан облысының Келес ауданында бір терезе қағидасы бойынша халыққа қызмет көрсететін «Сервистік әкімдік» мекемесі жұмысын бастады. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Жаңадан ашылған мекеменің салтанатты ашылу рәсіміне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мирас Қарғабай және Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев арнайы қатысты.

Мемлекеттік қызметтің сапасы мен халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында құрылған халықтық кеңседе өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы қамтылған.

– Бүгінгі күні Агенттіктің бастамасымен ел аумағында мемлекеттік органдардың жұмысы «Open space» форматына көшірілуде. Бұл халыққа барынша қолайлы жағдай туғызып, ашықтық пен жариялылықты, сондай-ақ жұмыс сапасының артуы мен тұтынушылардың кедергісіз қызмет алу мүмкіндіктерін қалыптастырады. Бүгін ашылған «сервистік әкімдік» те тиімді қызмет көрсетіп қана қоймай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға тікелей ықпал ететін болады, – деді Мирас Қарғабай.

Түлкібас ауданында кәсіпкерлер мемлекттік қолдаумен мал бордақылауда
Түркістан облысының онлайн оқытатын ұстаздары компьютерлермен қамтылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу