Түркістан облысында планшеттер мен смартфондар тегін таратылды

Oinet.kz 27-08-2020 675

122.jpg

«Мектепке жол» атты ерекше республикалық қайырымдылық һәм қамқорлық акциясы Түркістан облысының Жетісай ауданында жалғасын тапты. Игі іс аясында жер жәннаты саналған аудандағы аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққан, сондай-ақ ата-ана қамқорынсыз қалған 34 бүлдіршінге планшеттер, ал 13 жоғары сынып оқушысына смартфондар тегін үлестірілді.

Қайырымдылық шарасына аудандық «Нұғман» мешітінің молда-имамдары мен жамағаты демеушілік жасап отыр. Ауданда бұл шара аясында аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына қолдау көрсетуді игі дәстүрге айналдыру көзделген. Қайырымды жандар жыл сайын бүлдіршіндерге мектепке қажетті заттарды табыстайтын болады.

– Біз бұл шараны жылда дәстүрлі түрде өткіземіз. Биылғы жылы карантиндік жағдайға байланысты оқушылардың қашықтан онлайн түрде сабақ оқитынын ескеріп, осындай жолдармен көмектесуді шештік. Бүлдіршіндеріміздің көңілдерін жадыратқан осы бір сауапты іске атсалысып, демеушілік жасаған барша азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін, – деді Жетісай ауданының бас имамы Бекзат Сыздықов.

Түркістан облысының туризмі Шымкентпен қатар дамиды
Созақта тамшылатып суарумен кәсібін көркейткен диқандар көбейіп келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу