Түркістан облысында 4,5 мыңнан астам жас маман жұмысқа жолданды

Oinet.kz 25-08-2020 588

115.jpg

Түркістан облысында биыл 117 жас маман тұрақты жұмысқа тұрды. Ал, 800 жас маусымдық жұмысқа орналасып, мерзімін аяқтады. Жалпы, тамыздың біріне дейін 1360 кәсіпорынға 4571 азамат жолданған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Түркістан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы таратқан мәліметке сүйенсек, биыл бұл өңірде 6500 адамды жастар практикасына жолдау жоспарланған. Ал, өткен жылы жоспар бойынша 5435 жас практикадан өту керек болса, 1858 кәсіпорынға 6783 адам қабылданған. Оның 6637-сі маусымдық жұмыс мерзімін сәтті аяқтап, 2274-і бағдарламаның көмегімен тұрақты жұмысқа орналасқан.

Негізінен жастар практикасы жобасы білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін арнайы қолға алынған. Жастар практикасына 29 жастан аспаған жұмыссыздар оқуды аяқтағаннан кейін үш жыл ішінде жіберіледі.

Жоғары оқу орнын бітірген түлектер жастар практикасынан алты ай жүріп өтеді. Тиісінше ай сайын еңбекақысы төленеді. Жастар практикасына қатысу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына жұмыссыз ретінде тіркелу керек.

Түркістан облысында «Сыбағамен» кәсібін бастағандар көбейіп келеді
Түркістанда «Мектепке жол» акциясымен 50 балаға көмек берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу