100 азамат мемлекеттік грант ұтып алды

Oinet.kz 17-08-2020 534

86.jpg

Жыл басында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы үй іргелік жерлерге тамшылатып суару әдісін енгізуді тапсырған болатын. Осыған сәйкес Сайрам ауданында ауқымды жұмыстар қолға алынды.

Өңір басшысының тапсырмасын жандандыру мақсатында аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ-бағыты аясында, өз кәсіпкерлігін үй іргелік тамшылатып суару әдісіне бағыттаған азаматтарға қаржылай қолдау көрсетуге пәрмен берді.

Жоспар – 200 азаматты нәтижелі жұмыспен қамту. Бүгінде ауданның 11 ауыл округінен 100 азаматқа қаржы бөлініп отыр. Енді мемлекеттік грант алған аудан тұрғындары өз үйлерінің маңына тамшылатып суару жүйесін құрып, егін егу жұмыстарын қолға алауда.

Израиль әдісін қолдану арқылы олар әуелі өздерін жұмыспен қамтыса, екінші бір ұтымды жағы егіншіліктен алған өнімді табыс табу көзіне айналдыруға мүмкіндігі бар.

Бастапқы кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген әрбір азаматқа 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік грант қаражаты ұсынылды. Оның жүзеге асырылуы жауапты сала басшыларының назарында.

Енді тағы 109 азаматтың құжаты комиссия қарауында. Ал бұл іске бірінші болып кіріскен аудан тұрғындары аз күнде алғашқы өнімін алуға дайын.

Шөкеев босаңсуға болмайтынын ескертті
2241 кәсіпкерге қаржылай көмек берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу