Сырдария аумағында дизенфекция жұмыстары жүргізілді
Түркістан облысы Сырдария өзені бойындағы елдімекен аумақтарына шіркейлерге қарсы дезинсекциялық жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде зиянкестер айтырлықтай азайып, жергілікті тұрғындар шіркейден келетін қауіптен арылды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Бахтыбек Убайдин мәлімдеді.
«Сырдария өзені бойы мен Көксарай су реттегіш қоймасы маңындағы елді мекендерде соңғы 3-4 жылда шіркейлердің көбеюі жағдайы орын алған еді. Салдарынан өзенге жақын орналасқан ауыл тұрғындары зардап шеккен. Осыған байланысты облыс әкімдігінің қауылысымен Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ережесі бекітіліп, тиісті шаралар атқарылып келеді. Нәтижесінде мәселе оң шешімін тауып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалды», – деді Б.Тоқбергенұлы.
Бөлім басшысы шіркейлердің көбеюі Көксарай су қоймасы салынған тұстан басталғанын айтты. Су реттегіш жұмысы салдарынан, яғни құлама судың бұрқағы суды оттегіге байытып, шіркейлердің өніп-өсіп, көбеюіне қолайлы жағдай туындаған. Содан 2017 жылы шіркейлердің ошақтарын анықтап, түрлеріне талдау жасап, олардың санын қысқартуға қолдану әдістерін анықтау үшін, облыстық бюджеттен 4,8 млн. теңге қарастырылған.
Өз кезегінде «Special Vehicles (Спец технические средства)» ЖШС-нің өкілі Майра Қалыкова шіркейлерге қарсы күрес жұмыстары ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің бұйрығымен бекітілген талаптарға сай атқарылып жатқанын жеткізді.
«Бұл шараларды қолға алу үшін кең көлемде зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде шіркейлерді залалсыздандырудың екі әдісі тиімді екені белгілі болды. Бірінші Көксарай су реттегіш бас торапынан және канал басынан, шіркейлердің дернәсілдерін жоюға құрамында Bacillus thuringiensis бактериялары бар биологиялық препараттарды суға жіберу әдісі. Екінші қанаттанған шіркейлерді жоюға инсектицитты аэрозолдарымен жер бетін бүркіп суармалау жұмыстарын жүргізу. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінің тиімділігі 80-95% құрады. Бұл жұмыстар жалғасын табады», – деді М.Жұмаханқызы.
Жалпы шіркейлердің дернәсілдерін жоюға 8 рет барлығы 96 тонна «Бактицид» биологиялық препарат пайдаланылған. Іс шараға дезинсекция жүргізуші жеке әріптес «Дезинсекция Сардар» ЖШС-нің 25 жұмысшысы, 6 көлікпен 2 моторлық қайықтар жұмылдырылды. Сондай-ақ, Сырдария өзенінің екі бет жағалауына барлығы 460 шақырым ені 100 метр аумақта жер бетін құрамында 25% химиялық препаратымен өндеу жүргізілген.