Кентау көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Oinet.kz 09-08-2020 591

59.jpg

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша Кентау қаласы облыс орталығы Түркістанмен қатар дамиды. Бұл бағытта жаңарып, түрленуді бастан өткеріп жатқан кеншілер шаһарында қарқынды құрылыстар жүріп жатыр.

Ел арасында Қаратау тәжі аталып кеткен қалада 122 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кентау қалалық әкімдігі таратқан мәліметке сүйенсек, оның ішінде жалпы ұзындығы 26 шақырымды құрайтын 11 көшенің құрылысы "Жұмыспен қамту – 2020" және "Жол картасы" бағдарламалары аясында жүзеге асырылуда. Ал, 96 көшенің жөндеу жұмыстары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында атқарылып жатыр. Оның 37-сі ағымдағы, 48 көше орташа жөндеуден өтпек.

Жалпы Кентау қаласындағы бірқатар жолдардың тозығы жетуіне байланысты жауын-шашын күндері көшелерді су басып, тұрғындарға қолайсыз жағдай туындатып жататыны жасырын емес. Осы аталған мәселені оңтайлы шешу мақсатында қала көшелеріне ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады жауапты мамандар. Жөндеуден өткізіліп жатқан көшелерге суағарлар мен аяқ жолдар салынуда.

Айта кетейік, Кентау қаласында 2020 - 2025 жылдар аралығында жалпы ұзындығы 101,7 шақырым болатын 142 ішкі орам көшеге ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Шаңырағы шайқалғандар азайып, балалар саны көбейіп келеді
Сайрам ауданы 1800 тонна ет экспорттады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу