Түркістан облысында 13 инвестициялық жоба жүзеге асады

Oinet.kz 07-08-2020 579

57.jpg

Түркістан облысының әкімдігі мен "Turkistan Invest" инвестицияларды тарту және экспортты дамыту жөніндегі өңірлік Агенттігі биылғы соңғы 6 айда инвесторлармен 22 кездесу өткізді. Оның 17-сі шетелдік компаниялардың қатысуымен өткен. Бұл компаниялар өңірге шамамен 234 млрд. теңге инвестиция әкеліп, екі мың екі жүзге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етуге дайын.

Қазіргі уақытта 94,65 млрд. теңге сомасына 13 жоба бойынша инвестиция тарту туралы шешім қабылданды.

"Turkistan Invest" қызметкерлерінің айтуынша, тартылған инвестиция 55 жобадан тұрады. Нәтижесінде Түркістан облысында бірқатар ірі кәсіпорындар пайда болады. Солардың бірі "Turkistan" индустриялық аймағының аумағында орналасқан "Brownfield" өндірістік алаңында ауыл шаруашылығы техникасын жасау болып табылады. Жоба 3 кезеңде жүзеге асырылады. Сомасы 12 миллион АҚШ долларын құрайтын жоба бойынша 100-ге жуық жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ, облыс басшылығы өңірдегі тоқыма саласын дамытуға ерекше көңіл бөлді. Осыған байланысты Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің Өзбекстан Республикасының делегациясымен кездесуі кезінде "Turkistan" индустриялық аймағының аймағында тігін цехын салу бойынша құны 1млн АҚШ доллары тұратын инвестициялық жобаны іске асыру туралы шешім қабылданды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы Түркістан облысы бойынша жалпы сомасы 375,1 млрд.теңге болатын 94 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл дегеніміз, 5 845 жаңа жұмыс орны құрылады деген сөз.

Оның ішінде шетелдіктер қатысуымен 13 жоба жүзеге асып, 2 820 жұмыс орны құрылады.

Бір тәулікте сегіз мың құты су шығарады
Шаңырағы шайқалғандар азайып, балалар саны көбейіп келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу